2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) нысаналы жинақ алу бойынша 205 505 өтінішті орындады. Жалпы сомасы 31,61 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар, өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына есептейді.
Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 19,69 млн АҚШ долларына 127 445 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 11,92 млн АҚШ долларына 78 060 өтініш қанағаттандырылды.
Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (19,27 млн АҚШ долларына 124 490 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 145,39 мың АҚШ долларына 999 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 108,64 мың АҚШ долларына 757 өтініш.