Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратына жиі қойылатын сұрақтардың тізімі

    1. Аудан елді мекендерінде қандай жұмыстар атқарылады?

    Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту, көшелерді механикалық және қолмен тазалау, су басудың алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелер салу, тұйықталған жүйелерді жою, бей-берекет жиналған қоқыс орындарын жою, мерекелік безендіру, кіші сәулеттік пішіндерді, жаяу жүргіншілер өткелдерін, аяқ жолдар мен қоршауларды күтіп-ұстау жұмыстары ұйымдастырылады.

    1. Аудан әкімінің қабылдауына қалай жазылуға болады?

    Аудан әкімі азаматтарды әр айдың 2 және 4 бейсенбісі күні жеке қабылдайды. Алдын ала жазылу 8 (7252) 43-30-05 телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады.

    1. Балалар ойын алаңшасын салуға қалай өтінім беруге болады?

     

    • Халық қатысатын бюджет жобасы бойынша өтінім беру және дауыс беру қажет.
    • Халық қатысатын бюжет жобасы аясында өтінім http://Karatay.gov.kz арқылы беріледі. Кемінде 50 дауыстан жоғары жинаған жобаны жұмыс жоспарына енгізіледі.
    • Жер телімдеріне далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет; «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» Шымкент қаласы филиалы жер кадастры мамандарымен жер теліміне зерттеу жүргізіліп, жер телімінің бос немесе бос еместігі анықталады. Егер жер телімі бос болса, мемлекеттік АКТ алынып, аудан әкімі аппаратының теңгеріміне заңдастырылады.
    • Сметалық құжаттамалар әзірлеу; сметалық құжаттамалар жер телімінің көлеміне сәйкес әзірленеді.
    • Бюджеттік өтінім беру; Шымкент қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына өтінім тапсырылады.
    • Мемлекеттік сатып алу рәсімдері; мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіледі.

     

    1. Әлеуметтік көмек тізіміне қалай жазылуға болады?

    Тұрмыстық-материалдық жағдайына байланысты, аудан әкімдігіне жүгінген көмекке мұқтаж аз қамтылған отбасылар аудан әкімдігі тарапынан жасақталатын мұқтаж отбасылар тізіміне енгізіледі.

    Әлеуметтік көмек көрсетуге ниет білдіруші демеушілер болған жағдайда азық-түлік және басқа да көмек түрлері көрсетіледі.

    Мұндай отбасыларға бюджеттен арнайы қаржы қаралмаған жағдайда, мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру үшін, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жіберіледі.

    1. «Алтын алқа» – «Күміс алқа» алқаларына қалай құжат тапсыруға болады?

     

    • 6 баласы бар аналар «Күміс алқа», 7 баласы бар аналар «Алтын алқа» алқаларына тапсыра алады.
    • Шымкент қаласында тұрғылықты мекен-жай болуы, ата-анасының жеке куәлігінің көшірмелері және кіші баланың 1 жасқа толуы міндетті.
    • Құжаттар тапсырылған соң, Комиссия қорытындысының шешімінен кейін Қазақстан Республикасы Президенті Награда құжаттарына қол қояды.
    • Қол қойылған күннен бастап 1414-тен хабарлама келеді, сол күннен бастап «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқа иегері болып саналады.
Дата публикации
18 декабря 2025