Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізу туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Шымкент қаласы әкімінің 2024 жылғы 07 ақпандағы №14-ө өкімінің 3-қосымшасымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кестесіне сәйкес, аудан әкімі ӨКІМ ЕТЕДІ:
1. «Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүзеге асырылсын.
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының құрамы осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтитын кезең 01.06.2023-30.04.2024 жыл аралығы белгіленсін.
5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 02.05.-14.06.2024 жыл аралығы белгіленсін.
6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылықты, үйлестіруді және жауаптылық аудан әкімі аппаратының басшысы О. Абдрамановқа жүктелсін.
Аудан әкімі Р. Мулкеманов
Шымкент қаласы
Қаратау ауданы әкімінің
2024 жылғы «___» сәуірдегі
№____ өкіміне
ҚОСЫМША
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін
жұмыс тобының ҚҰРАМЫ
|
Жұмыс тобының жетекшісі: |
||
|
Абдраманов Олжас Кайыргалиевич |
|
аудан әкімі аппаратының басшысы |
|
Жұмыс тобының мүшелері: |
||
|
Бердибекова Гульсина Рахимбаевна |
|
кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы |
|
Қосжанов Дархан Қанатұлы |
|
ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы |
|
Қалдыбаев Бауыржан Балтабаевич |
|
қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы |
|
Омаров Аманкелді Бакытжанович |
|
инфрақұрылым бөлімінің басшысы |
|
Дуйсенов Нұржан Асанович |
|
әлеуметтік қолдау, мәдение даму және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы |
|
хатшы: |
||
|
Оспанов Қуаныш Мамырұлы |
|
ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы |