Баяндама

 

Шымкент қаласы               Қаратау ауданы

әкімі Р.Мулкемановтың

баяндамасы          

 

Аудан аумағы

 

         Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар, халық саны 190 мыңнан астам. Аудан аумағында 18 елді мекен, жалпы көшелер саны – 595, демалыс орындарының саны – 7.

Қаратау ауданы әкімі аппаратының штаттық құрылымы бойынша аудан әкімінің 3 орынбасары, 1 аппарат басшысы және 5 бөлімнен құралып, жалпы                   32 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы жобалық кеңсе арқылы бекітілген индикаторлық көрсеткіштерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2023 жылы  аудан бюджеті 5 130 082 теңгені құрайды.

 

Ауыз сумен қамтамасыз ету

 

Ағымдағы жылы Сайрам және Қызылсу елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай, аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100% қамтылады.

 

Электр жарығымен қамту

 

2022 жылы 4 елді мекенде Тұран ш/а, Нұртас ш/а, Достық ш/а Достық ш/а                   (2-кезек) құрылыс жұмыстары жүрді. Ағымдағы жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағын (1200 абонент) электр жарығымен қамту жұмыстары атқарылатын болады. Одан бөлек, ОЖТ тарапынан инвест бағдарлама аясында Тассай, Таскен, Қайтпас және Сайрам елді мекендерінде электр желілерімен трансформаторлар алмастырылуда.

 

Табиғи газбен қамту

 

2023 жылы Тұран ш/а құрылыс жұмыстары аяқталып абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Тассай т/а, Нұртас ш/а құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткіші - 96% құрайды.                     2025 жылға дейін табиғи газбен қамту көрсеткішін 100% жеткізу жоспарлануда.

 

 

Халық қатысатын бюджет

 

Халық қатысатын бюджет шеңберінде аудан әкімдері тарапынан келесі:

  • Аумақты көгалдандыру;
  • Тротураларды жайластыру;
  • Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
  • Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру;
  • Бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
  • Қоқыс тастайтын орындарды жою;
  • Ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
  • Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру           іс-шаралары дауыс беруге шығарылады және іске асырылады.

             Қаратау ауданы аумағында 2021 жылы 2 жобаға 77,3 млн.теңге қаралған. 2022 жылы 20 жоба 766,2 млн.теңгеге атқарылған. 2023 жылы 92 жобаны жүзеге асыру жопарланған. 92 жобадан 62 жобаға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, 52 жобаның құрылыс жұымыс аяқталған.

 

Аудан аумағындағы аулаларды абаттандыру

жұмыстары

 

Ағымдағы жылы 41 балалар және 12 спорт алаңша салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, 34 балалар және 7 спорт алаңша пайдалануға беірлді. Қалған орындарда құрылыс жұмыстары жүруде.

 

Аудан аумағындағы су алу қаупі бар орындар мен ирригациялық арық салу бойынша жұмыстар

           

        Аудан аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 30 мекенжай анықталып,      2022 жылы 22 орынға (Ұзындығы 13,7 шақырым) ирригациялық жүйелер салу жұмыстары атқарылды. 2023 жылы 17 орынға (15,1 шақырым) ирригациялық арық жүйелерін салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.

 

Жолдар құрылысы

 

Аудан аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын –  595 көше бар. Оның 364 шақырым, 233 шақырым шағал тас болса,  33 шақырымды топырақ көшелер құрайды.

2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көше асфальттау жоспарланған. Қазіргі таңда, 64 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілген.                    Сонымен қатар, ағымдағы жылы 41 көшеге (33 км.) шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.

Жалпы 2024 жылы жалпы 87 көшеге 48,8 км.асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарда.

Білім саласы

 

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында 48 мектеп, 69 балабақша орналасқан. Ағымдағы жылы аудан аумағындағы Нұртас, Таскен және Тұран-2 елді мекендерінде жайлы мектеп құрылысы жұмыстары жүруде. Аталған мектептер 2024 жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, жекеменшік 3 мектеп ағымдағы жылы пайдалаунға берілген.

 

Жылу маусымына дайындық жұмыстары

 

2023-2024 жылдарға арналған жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізу бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасарның қолымен 447 көп қабатты тұрғын үйлерге аудан әкімі аппараты тарапынан «Қуат жылу орталық-3» МКК бірлесіп сығымдау жұмыстарын жүргізуге іс-шара жоспары бекітілген.

Бекітілген жоспарға сәйкес Қаратау ауданындағы жылу алатын көпқабатты тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстарын 8 қызмет көрсетуші мекеме атқаруда.

Жалпы Қаратау ауданы аумағындағы көп қабатты үйлерге қызмет көрсететін мекемелер 12 арнайы бригадамен сығымдау жұмыстары жүргізілуде.

    Қазіргі таңда, аудан аумағындағы 447 көп қабатты тұрғын үйдің барлығы жылу жүйесіне қосылған.

 

Аумақтарда санитарлық тазалықты сақтау

 

Санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 7 аумаққа бөлініп, оған аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.

2023 жылы аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстары «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан атқарылуда. Сондай-ақ, 2023 жылы аудан тұрғындарының қатысуымен орталық көшелердің бойына және көп қабатты үй аулаларына 5 000 түп ағаш көшеті отырғызылды.

 

                   Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары

 

2022 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісім-шарт түзу көрсеткіші – 99% құрады. Аталған көрсеткішті ағымдағы жылы 100 % жеткізу мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Көп қабатты тұрғын аулаларындағы қоқыс алаңшаларына 2022 жылы аудан әкімі аппараты тарапынан 375 жаңа қоқыс контейнерлері орнатылып, 46 қоқыс алаңшасының орны абаттандырылса, 2023 жылы 127 жаңа қоқыс контейнері орнатылды.

 

Ономастикалық ахуал

 

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен көшелерге кісі есімін беру тоқтатылған (мораторий). Алайда, жер-су, таулардың, табиғи көріністер мен қазақи көркем атауларды беру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңда, аудан аумағында атауы жоқ 59 көше орналасқан. Аталған көшелерге тұрғындардың қатысуымен хаттамалар түзіліп, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына ұсыныс жолданды. Сонымен қатар, 2022 жылы аудан аумағындағы 155 көшеге тақтайша орнату жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы атауы жоқ 35 көшеге хаттама түзіліп, республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жолданды.

 

Аудан аумағындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары

Аудан аумағындағы орталық 91 көше жарықтандырылған.

 

2022 жылы 30 көше мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жарықтандырылды. Ағымдағы жылы аудан аумағындағы маңызға ие 30 көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, аудан аумағындағы 18 көше тұрғындар тарапынан жарықтандырылып, Шымкент қаласының энерегетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының теңгеріміне өткен. 2025 жылға дейін аудан аумағындағы 150-ге жуық көшені жарықтандыру жоспарланған.

       Ағымдағы жылы аудан аумағындағы тұрғындардың өтініштері негізінде                          240 орынға бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін атқарылатын болады.

 

Атаулы әлеуметтік көмек

 

2023 жылы атаулы әлеуметтік көмектің оң қорытындысын алған 5 мыңға жуық отбасы. Аудан әкімі аппараты тарапынаны 1070 отбасыға азық-түлік және т.б. көмек көрсетілді.

 

«I-KOMEK 109» ситуациялық орталығы бойынша

 

Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының «I-KOMEK 109»  ситуациялық орталығына 2023 жылы 832 өтініш келіп түскен. Оның 820 өтінішіне толық жауап жолданса, 12 өтініш бойынша жұмыс атқарылуда. Аудан әкімі аппараты тарапынан өтініштердің шешімін табу бойынша тұрғындармен кері байланыс  орнатылып, жұмыстар жүргізілуде.

Баяндама
Дата публикации
30 ноября 2023