«Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

                                                                                                         Шымкент қаласы

Қаратау ауданы әкімінің

                                                                                                         2021 жылғы «7» қазан

           №146 өкіміне №4 қосымша

 

 

 

«Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» ММ

әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер
  •  
  1. Әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі (әрі қарай – Бөлім) - Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының бөлімі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті  мен Үкіметінің  актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен штат саны Шымкент қаласының әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
  4. Бөлім келесі штаттық құрамнан тұрады:

1) Бөлім басшысы – 1 бірлік;

2) Бас инспектор – 1 бірлік;

3) Бас маман – 3 бірлік.

 

  1. Бөлімнің негізгі мақсаттары, құқықтары мен міндеттері, функциялары

 

  1. Мақсаты:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, аудан аумағын абаттандыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттерге байланысты бөлімнің жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

2) Аудан әкіміне әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ұсыныс жасауға;

3) Өз құзыреті шегінде кәсіпорындар және ұйымдармен қарым-қатынасты іске асыруға;

4) Бөлім жұмысына қатысты жұмыстарды атқаруға байланысты қажетті ақпараттарды олардың меншік түріне қарамастан кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан сұратуға.

  1. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, өзге де құжаттарын, қала әкімдігінің қаулыларын, қалалық мәслихаттың шешімдерін, қала, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, аппаратқа айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарын орындау;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын тұрғындарға насихаттау  жұмыстарын  ұйымдастыру;

3) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік, бір реттік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) тұрмыстық-материалдық жағдайына зерделеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;

4) Аудандағы табысы аз адамдарды анықтап, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік, бір реттік көмек көрсету жөніндегі ұсыныстар енгізу;

5) Жұмыссыздар қатарында есепке тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

6) Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қайырымдылық және әлеуметтік  көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырып, жүзеге асыру;

7) ҰОС ардагерлері мен көмекке мұқтаж отбасыларына, көп балалы жанұяларға, жетім-жесірлерге, жалпы халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді және демеушілік көрсететін қайырымдылық акцияларын  ұйымдастыру;

8) Аудан аумағында орналасқан діни бірлестіктермен жұмыс жүргізу және теолог мамандардың қатысуымен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында жалпы және жеке кездесулер ұйымдастыру;

9) Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомство аралық комиссияның жұмыстарын үйлестіру;

10) Аудандағы ардагерлер кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі, аудан әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының өзара әрекет жұмыстарын үйлестіру;

11) Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, ішкі саясат және дін істері, білім және денсаулық сақтау  басқармаларымен, ювиналдық полиция басқармасымен, аудандағы білім беру мекемелерімен бірлесе жұмыстар жүргізу;

12) Аудан аумағында мәдениет және ағарту саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

13) Тілдерді қолдану және дамытудың өңірлік бағдарламарын іске асыру, маңдайша мәтіндерінің заң талаптарына сай ретке келтіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

14) Мәдени және тарихи мұраны (ескерткіштерді) күтіп ұстау жұмыстарын жүзеге асыру;

15) Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру;

16) Аудан аумағында мерекелік, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру;

17) Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

18) Ауданда  орналасқан бала-бақшаларда, мектептерде қоғамдық және тәрбиелік  жұмыстардың жүргізілуін  ұйымдастыру;

19)  Аудан бойынша жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда өз құзіреті шеңберінде жұмыстарға атсалысу;

20) Ауданда ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу;

21) Мемлекеттік рәміздердің мүсіндік нұсқада қолданылуы мен  орналастырылуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

22) Шымкент қаласының ономастикалық комиссияның (тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, орамдарға, парктерге, скверлерге, көпірлерге және қаланың басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы) бірлесе жұмыс жүргізу;

23) Өз құзыреті шегінде жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы-спортшы және спорт төрешісі біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтарын беру жұмыстарын қамтамасыз ету;

24) Өз құзыреті шегінде «Әскерге шақырудан кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрін жүзеге асыру;

25) БАҚ өкілдерімен жұмыс жүргізу, аудан аумағында өткізілетін мерекелік іс-шараларды жергілікті БАҚ өкілдерін қатыстыру және БАҚ-та жариялауды үйлестіру;

26) Аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелерде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы» ҚР Заңына сәйкес жұмыстарды жүргізу;

27) Аудан аумағындағы барлық нысандарда маңдайша  мәтіндерінің  заң  талаптарына сай ретке келтіру  мақсатында түсіндіру  жұмыстарын  жүргізу;

28) Жастар саясатын жүргізу мақсатында құқықтық патриоттық тақырыптарда оқу орындарымен бірлесіп жастармен дөңгелек үстел, кездесулер ұйымдастыру;

29) Мемлекеттік рәміздердің қолданылуы және жарамсыз мемлекеттік рәміздерді жою бойынша комиссия жұмысын үйлестіру;

30)  Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткізілген барлық іс-шараларды аппараттың интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерінде жариялауды жүргізу;

31) Аудан аумағындағы жергілікті тұрғындармен кездесу бағытында демографиялық картасына (зейнеткер, мүгедек, көп балалы, жас отбасы, қандас және т.б.) салалық бөліммен бірлесіп талдау және қадағалау жұмыстарын ұйымдастыру;

32) Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарының тарапынан берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.

33) Қала әкімдігінің басқармаларымен, мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, коммуналдық мекемелер және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізу;

34) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес бөлімдері тарапынан «Е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдарын қарап, оларды уақытылы әрі сапалы орындау;

35) Осы Ережеден туындайтын жұмыстарды мемлекеттік сатып алулар кезінде, заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік сатып алулардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын бақылау, мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстармен қызметтердің орындалу актілерін қабылдау;

36) «109 IKomek» байланыс орталығынан келіп түскен арыз, шағым, өтініштерге уақытылы, сапалы жауап беруін бақылау, бөлімдерден берілген жауапты тиісті бөлім басшысымен келісімдеу арқылы арыз иесіне жауап жолдау;

37) Бөлімнің жұмысын салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарымен келісе отырып жоспарлау;

38) Жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізу;

39) Аудан әкімі аппаратымен өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу;

40) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;

41) Әдеп кодексінің талаптарын сақтау.

42) «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне өздеріне тиісті жеке мәліметтерді (өкімге негіз болып табылатын өтініштердің барлық түрі, қызметтік жазбаларды, бағалау парақшаларын т.б.) тек автоматтық режимде енгізіп, жолдау.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттікке ие.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді.
  4. Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшылығына бөлімінің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныс білдіреді.
  5. Аудан әкімі аппаратының бөлімдері құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнен шығатын құжаттарға салалық әкім орынбасары, ал егер ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын тұлға қол қояды.
Соц, мәдениет
Дата публикации
24 ноября 2023