Шымкент қаласы
Қаратау ауданы әкімінің
2021 жылғы «7» қазан
№146 өкіміне №3 қосымша
Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» ММ
инфрақұрылым бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1) Бөлім басшысы – 1 бірлік;
2) Бас маман – 3 бірлік.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, аудан аумағын абаттандыру.
1) Лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттерге байланысты бөлімнің жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) Аудан әкіміне инфрақұрылымды, абаттандыруды және көгалдандыруды дамыту мәселелері бойынша ұсыныс жасауға;
3) Өз құзыреті шегінде кәсіпорындар және ұйымдармен қарым-қатынасты іске асыруға;
4) Бөлім жұмысына қатысты жұмыстарды атқаруға байланысты қажетті ақпараттарды олардың меншік түріне қарамастан кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан сұратуға.
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, өзге де құжаттарын, қала әкімдігінің қаулыларын, қалалық мәслихаттың шешімдерін, қала, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, аппаратқа айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарын орындау;
2) Аудан аумағын абаттандыру, көпқабатты үй аулаларына балалар ойын алаңшаларын, спорт алаңшаларын орнату, абаттандырылған нысандардың пайдалануын қадағалау;
3) Аудан аумағында су басудың алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелер салу жұмыстарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
4) Аудан аумағында жаңадан салуды қажет ететін инфрақұрылым жүйелерін (жарықтандыру, ауыз су, табиғи газ, электр энергиясы, кәріз, жол салу және жөндеу жұмыстарын) жүргізу үшін, жобалық сметалық құжаттар (ЖСҚ) мен жобалық сметалық есептер (ЖСЕ) әзірлеуге ұсыныстар енгізу;
5) Аудан аумағында азаматтардың тұрғылықты жерінде және бұқаралық демалу орындарында дене шынықтыру және спортты дамытуға жағдай жасау;
6) Аудан аумағын көгалдандыру (көпжылдық және бір жылдық гүлдер, газон алаңдарын, жай және қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу, оларды күтіп ұстау, көп ору, ағаш қырқұ, әктеу) тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
7) Аудан аумағындағы көшелерге урналар орнату және күтіп ұстау жұмыстарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
8) Аудан аумағындағы көшелердегі аяқ жолдар мен қоршауларды күтіп ұстау жұмыстарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
9) Аудан аумағындағы кіші сәулеттік пішіндерді күтіп ұстау;
10) Аудан аумағын мерекелік безендіруін қамтамасыз ету;
11) Аудан аумағындағы қолданыстағы инфрақұрылымның (ауыз су, табиғи газ, кәріз жүйелері, электр жарығы, жарықшамдар, бейнекамералар, жолдар, қоғамдық көлік) қалыпты жұмыс жасауына және жаңадан салуды қажет ететін жерлерді анықтап ұсыныс енгізеді;
12) Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарының тарапынан берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.
13) Қала әкімдігінің басқармаларымен, мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, коммуналдық мекемелер және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізу;
14) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес бөлімдері тарапынан «Е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдарын қарап, оларды уақытылы әрі сапалы орындау;
15) Осы Ережеден туындайтын жұмыстарды мемлекеттік сатып алулар кезінде, заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік сатып алулардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын бақылау, мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстармен қызметтердің орындалу актілерін қабылдау;
16) «109 IKomek» байланыс орталығынан келіп түскен арыз, шағым, өтініштерге уақытылы, сапалы жауап беру;
17) Бөлімнің жұмысын салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарымен келісе отырып жоспарлау;
18) Жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізу;
19) Аудан әкімі аппаратымен өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу;
20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;
21) Әдеп кодексінің талаптарын сақтау.
22) «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне өздеріне тиісті жеке мәліметтерді (өкімге негіз болып табылатын өтініштердің барлық түрі, қызметтік жазбаларды, бағалау парақшаларын т.б.) тек автоматтық режимде енгізіп, жолдау.