«Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» ММ кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

                                                                                                         Шымкент қаласы

Қаратау ауданы әкімінің

                                                                                                         2021 жылғы «7» қазан

            №146 өкіміне №2 қосымша

 

 

 

«Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» ММ

кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер
  •  
  1. Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі (әрі қарай – Бөлім) - Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының бөлімі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті  мен Үкіметінің  актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен штат саны Шымкент қаласының әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
  4. Бөлім келесі штаттық құрамнан тұрады:

1) Бөлім басшысы – 1 бірлік;

2) Бас маман – 2 бірлік.

 

  1. Бөлімнің негізгі мақсаттары, құқықтары мен міндеттері, функциялары

 

  1. Мақсаты:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, аудан аумағын абаттандыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттерге байланысты бөлімнің жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

2) Аудан әкіміне аудан аумағында кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша ұсыныс жасауға;

3) Өз құзыреті шегінде кәсіпорындар және ұйымдармен қарым-қатынасты іске асыруға;

4) Бөлім жұмысына қатысты жұмыстарды атқаруға байланысты қажетті ақпараттарды олардың меншік түріне қарамастан кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан сұратуға.

  1. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, өзге де құжаттарын, қала әкімдігінің қаулыларын, қалалық мәслихаттың шешімдерін, қала, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, аппаратқа айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарын орындау;

2) салық базасын ұлғайту бойынша құзырлы мекемелермен бірлесе заң шеңберінде резервтерді анықтау, тұрғындар арасында салық төлемдерін уақтылы төлеу жөнінде насихаттау жұмыстарын жүргізу;

3) аудан аумағында белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жасаушы тұлғаларға сауда орындарын заңдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

4) сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

5) меншік түріне қарамастан құзырлы мекемелермен бірлесе аудан аумағында орналасқан шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпорындарға заң шеңберінде мониторинг жүргізу;

6) шаруа (фермер) қожалықтарын және кәсіпкерлік қызметтің дамуын үйлестіру;

7) аудандағы жұмысын тоқтатқан кәсіпорындардың жұмыстарына талдау жасап, себеп-салдарын анықтау жұмыстарын жүргізу;

8) Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына сәйкес, аудан аумағында заңсыз жарнаманы жою жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

9) ауданда сауда жасауға рұқсат етілмеген жерлерде (жеміс-көкөніс өнімдері, тез арада дайындалатын азық-түліктер, балмұздақ, салқындатқыш алкогольсыз сусындар, батуттар, велосипедтер және т.б.) сауда жасау фактілерін болдырмау мақсатында уәкілетті органдармен бірлесіп рейдтік шараларды жүргізу;

10) аудан кәсіпкерлік объектілерінің орналасу жөнінде мәліметтерді жинау бойынша жұмыстарды жасау;

11) ауданда Шымкент қаласы әкімдігімен бекіту үшін бөлшекті сауда ұйымдастырылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша мониторинг жүргізу;

12) кәсіпкерлікті дамытуға, қолдауға және тұрғындарға қызмет көрсетудің мәдениетін көтеруге бағытталған бизнес-құрылымдарымен мәжілістер, семинарлар, өзге де іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

13) аудан аумағында жер учаскелерін өз бетімен басып алу және мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізу;

14) өз құзыреті шегінде аудан аумағындағы жер мәселелерін шешуге жәрдемдесу;

15) сауда, қоғамдық тамақтану және сервистік қызмет көрсету кәсіпорындардың жәрмеңкелерге, көрмелерге және басқа да қоғамдық пен әлеуметтік аудандық, қалалық және республикалық маңызы бар іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету;

16) ауданда орналасқан кәсіпкерлік объектілерін мемлекеттік және басқа қалалық қоғамдық маңызды іс-шараларға арналған мерекелік безендіруге тарту бойынша жұмыс жүргізу;

17) аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарының тарапынан берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.

18) қала әкімдігінің басқармаларымен, мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, коммуналдық мекемелер және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізу;

19) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес бөлімдері тарапынан «Е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдарын қарап, оларды уақытылы әрі сапалы орындау;

20) осы Ережеден туындайтын жұмыстарды мемлекеттік сатып алулар кезінде, заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік сатып алулардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын бақылау, мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстармен қызметтердің орындалу актілерін қабылдау;

21) «109 IKomek» байланыс орталығынан келіп түскен арыз, шағым, өтініштерге уақытылы, сапалы жауап беру;

22) бөлімнің жұмысын салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарымен келісе отырып жоспарлау;

23) жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізу;

24) аудан әкімі аппаратымен өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу;

25) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;

26) Әдеп кодексінің талаптарын сақтау.

27) «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне өздеріне тиісті жеке мәліметтерді (өкімге негіз болып табылатын өтініштердің барлық түрі, қызметтік жазбаларды, бағалау парақшаларын т.б.) тек автоматтық режимде енгізіп, жолдау.

 

                                              

 

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттікке ие.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді.
  4. Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшылығына бөлімінің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныс білдіреді.
  5. Аудан әкімі аппаратының бөлімдері құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнен шығатын құжаттарға салалық әкім орынбасары, ал егер ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын тұлға қол қояды.

 

 

 

 

Дата публикации
24 ноября 2023