Шымкент қаласы
Қаратау ауданы әкімінің
2021 жылғы «7» қазан
№146 өкіміне №5 қосымша
«Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» ММ
қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1) Бөлім басшысы – 1 бірлік;
2) Бас маман – 8 бірлік.
Аудан аумағында санитарлық тазалық, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласын дамыту және төтенше жағдайлар жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
6.1. Лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттерге байланысты қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
6.2. Аудан әкіміне санитарлық тазалық, коммуналдық-шаруашылық және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша ұсыныс жасауға;
6.3. Өз құзыреті шегінде кәсіпорындар және ұйымдармен қарым-қатынасты іске асыруға;
6.4. Бөлім жұмысына қатысты жұмыстарды атқаруға байланысты қажетті ақпараттарды олардың меншік түріне қарамастан кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан сұратуға.
7.1. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, өзге де құжаттарын, қала әкімдігінің қаулыларын, қалалық мәслихаттың шешімдерін, қала, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, аппаратқа айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарын орындау;
7.2. Аудан аумағында санитарлық, көшелерді механикалық (қысқы маусым мерзімінде қар тазалау және жолдарға құм себу жұмыстарын), қолмен тазалау жұмыстарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
7.3. Аудан аумағында бей-берекет жиналған қоқыс орындарын жою жұмыстарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
7.4. Аудан аумағында су басудың алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелер салуды қажет ететін жерлерді анықтап, ұсынады;
7.5. Аудан аумағында жер асты және үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін күтіп ұстау жұмыстарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
7.6. Аудан аумағында «Тұрғын-үй коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
7.7. Аудан аумағындағы үй, көше комитет төрағаларымен өзара байланыста болып жұмыс жүргізу;
7.8. Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайларына талдау жасап, есепке алу жұмыстарын жүргізу;
7.9. Аудандағы көпқабатты тұрғын үй қорларын, басқа да нысандарды күзгі-қысқы маусымға дайындау мақсатында инженерлік жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
7.10. Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде кондоминиум нысандарын құру және оларды ірілендіру жұмыстарын жүргізу мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
7.11. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша жұмыстың орындалуын ұйымдастыру;
7.12. Аудан бойынша сейсмонығайту жұмыстарының жүргізілуін үйлестіру;
7.13. Төтенше жағдайлар орын алған жағдайда шұғыл арада әкім аппаратының басшылығына орын алған оқиға жайлы ауызша немесе жазбаша түрде хабарлау;
7.14. Тұрғын үй қорының өз қалпында сақталуына және тұрғын үй қорын жылыту мерзіміне дайындық жұмыстары бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
7.15. Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарының тарапынан берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;
7.16. Қала әкімдігінің басқармаларымен, мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, коммуналдық мекемелер және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізу;
7.17. Ауданның құрылыс, сәулет және көркейту тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
7.18. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес бөлімдері тарапынан «Е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдарын қарап, оларды уақытылы әрі сапалы орындау;
7.19. Осы Ережеден туындайтын жұмыстарды мемлекеттік сатып алулар кезінде, заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік сатып алулардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын бақылау, мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстармен қызметтердің орындалу актілерін қабылдау;
7.20. «109 IKomek» байланыс орталығынан келіп түскен арыз, шағым, өтініштерге уақытылы, сапалы жауап беру;
7.21. Бөлімнің жұмысын салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарымен келісе отырып жоспарлау;
7.22. Жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізу;
7.23. Аудан әкімі аппаратымен өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу;
7.24. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;
7.25. Әдеп кодексінің талаптарын сақтау.
7.26. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне өздеріне тиісті жеке мәліметтерді (өкімге негіз болып табылатын өтініштердің барлық түрі, қызметтік жазбаларды, бағалау парақшаларын т.б.) тек автоматтық режимде енгізіп, жолдау.