Шымкент қаласы
Қаратау ауданы әкімінің
2021 жылғы «7» қазан
№146 өкіміне №1 қосымша
«Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» ММ
ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1) Бөлім басшысы – 1 бірлік;
2) Бас инспектор – 3 бірлік;
2) Бас маман – 2 бірлік.
Аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-теникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуді жүзеге асыру.
1) аудан әкімі аппаратының қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) бөлімнің өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға;
3) тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлестіре отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясаттың жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету;
4) бөлімнің өкiлеттiктерi шегiнде тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
5) аудан әкімі аппараты өткізетін комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарына, өзге де іс-шараларға қатысуға;
6) аудан әкімі аппаратының бөлімдерінің және қызметкерлерінің қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
7) аудан әкімі аппаратының қызметін жүзеге асыру бағытында екі жақты және көпжақты шарттар жасауға қатысуға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделеген өзге де өкілеттіктер мен өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, өзге де құжаттарын, қала әкімдігінің қаулыларын, қалалық мәслихаттың шешімдерін, қала, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, аппаратқа айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарын өз құзыреті шегінде қарау, талдау және орындау;
2) Президент пен Үкіметтің нормативтік актілерінің жедел орындалуын жалпы үйлестіруді, қала және аудан әкімінің өкімдері мен хаттамалық тапсырмаларын іске асыру;
3) Президент және Үкімет қаулыларының, қала әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру мен бақылау;
4) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары сайлауын өткізуге дайындық жұмыстарын ұйымдастыру;
5) Салық базасын ұлғайту бойынша құзырлы мекемелермен бірлесе заң шеңберінде резервтерді анықтау, тұрғындар арасында салық төлемдерін уақтылы төлеу жөнінде насихаттау жұмыстарын үйлестіруді бақылайды;
6) Аудан аумағында белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жасаушы тұлғаларға сауда орындарын заңдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын үйлестіруді бақылайды;
7) Меншік түріне қарамастан құзырлы мекемелермен бірлесе аудан аумағында орналасқан шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпорындарға заң шеңберінде мониторинг үйлестіруді бақылайды;
8) Ауданда сауда жасауға рұқсат етілмеген жерлерде (жеміс-көкөніс өнімдері, тез арада дайындалатын азық-түліктер, балмұздақ, салқындатқыш алкогольсыз сусындар, батуттар, велосипедтер және т.б.) сауда жасау фактілерін болдырмау мақсатында уәкілетті органдармен бірлесіп рейдтік шараларды үйлестіруді бақылайды;
9) аудан әкімінің берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету және бақылау.
10) қала әкімдігінің мемлекеттік мекемелерімен, ұйымдарымен, құқық қорғау органдарымен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізу;
11) аудан әкімі аппаратының ішкі әкімшілік рәсімдерін және саясатын жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу;
12) аудан әкімінің есептік кездесулерінің өткізу кестесін құру, кездесулерге материалдарды жинақтауды, өткізу бойынша дайындық жұмысын ұйымдастыру;
13) барлық деңгейдегі сайлауларды және республикалық референдум өткізуде сайлаушылар тізімінің жасақталуын қамтамасыз ету;
14) аудан әкімі аппаратының құжат айналымының, электрондық құжат айналымы бойынша іс-қағаздарды мерзімінде орындалуын жүргізу және жұмысын ұйымдастыру;
15) аудан әкімінің қатысуымен өткізілетін аппараттың лездемелік жиналыстарын, семинарлар өткізу бойынша іс-шаралар дайындау және өткізу;
16) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне» сәйкес аппараттың бөлімдері тарапынан азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қабылдау, оларды уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалау;
17) аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты құжаттарды «Е-Қызмет» жүйесінде мерзімінде, сапалы енгізу жұмыстарының жүргізілуін бақылау;
18) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды орындау және өзара Аппарат ішінде талдау мен үгіт насихат жұмыстарын құзырлы мемлекеттік мекемелердің арнайы өкілдерімен бірлесіп жұмыс атқару;
19) аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында қолданыстағы заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде құқықтық сабақтар өткізілуін үйлестіру;
20) әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы мәселелер бойынша жұмыстардың жүргізілуіне бақылау;
21) Алқабилер, кәсіби емес медиаторлар тізімдерінің жасақталуын ұйымдастыру;
22) аудан әкімі аппараты бөлімдерінің қызметінде заңнама талаптарының сақталуына ішкі бақылау жүргізу;
23) нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін аудан әкімі аппаратының және бөлімдерінің жұмыс жоспарын тоқсанға, бір жылға жасалатын жұмыс жоспарларын бекіту;
24) аудан аумағындағы көшелердің санитарлық тазалық жұмыстарын жүзеге асырылуын бақылау және талдау жүргізу;
25) аудан аумағында көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырылуын бақылау және талдау жүргізу
26) аудан аумағында инфрақұрылымның даму жұмыстардың жүргізілуіне жәрдемдесу және бақылау
27) ауданның жергілікті тұрғындармен кездесу барысында әлеуметтік экономикалық саяси картасын әзірлеу
28) аудан аумағында су басудың алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелер салу, тұйықталған жүйелерді жою жұмыстарын ұйымдастыру;
29) аудан аумағында «Тұрғын-үй коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
30) аудан аумағында тұрғын үй қорының өз қалпында сақталуына және тұрғын үй қорын жылыту мерзіміне дайындық жұмыстары бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
31) аудан аумағында туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады және аудан аумағындағы мазараттар жөнінде талдау жүргізеді
32) тұрғын үй қорының өз қалпында сақталуына және тұрғын үй қорын жылыту мерзіміне дайындық жұмыстары бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды қадағалау;
33) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған қоқыс алаңшалары мен қоқыс жәшітерін орнату және күтіп ұстау жұмыстарын жүзеге асыру;
34) кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы салауатты өмір салтын насихаттау, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша және аудандық ЮПТ және мектепішілік есептерде тұратын оқушылармен жұмыстарын үйлестіру;
35) ауданның құрылыс, сәулет және көркейту тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзірлеуді бақылау;
36) аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайларына талдау жасап, есепке алу жұмыстарын жүргізуді бақылау;
37) аудан әкімі аппаратының регламенттеріне сәйкес ішкі құжаттарды рәсімдеу;
38) аудан әкімі аппаратының құзыретіндегі мәселер бойынша құқықтық актілер қабылдауды жүзеге асырады;
39) аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне құқықтық сараптама жүргізу, құқықтық мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының мүддесін сотта және өзге де құқық қорғау, қадағалаушы органдарда қорғау;
40) аудан әкімі аппаратының құзырына сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу;
41) аудан аумағында жаңадан салуды қажет ететін инфрақұрылым жүйелерін (жарықтандыру, ауыз су, табиғи газ, электр энергиясы, кәріз, жол салу және жөндеу жұмыстарын) жүргізу үшін, жобалық сметалық құжаттар (ЖСҚ) мен жобалық сметалық есептер (ЖСЕ) әзірлеуге ұсыныстар енгізілуін үйлесітреді;
42) аудан аумағындағы қолданыстағы инфрақұрылымның (ауыз су, табиғи газ, кәріз жүйелері, электр жарығы, жарықшамдар, бейнекамералар, жолдар, қоғамдық көлік) қалыпты жұмыс жасауына және жаңадан салуды қажет ететін жерлерді анықтап ұсыныс енгізілуін үйлестіреді;
43) бюджет қаражатын уақытылы игеру және тиімді мақсатта пайдалануды қамтамасыз ету, аудан әкімі аппаратын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
44) қаржылық, статистикалық және басқа да есептерін уақытында және сапалы жасақтап, тиісті органдарға ұсыну;
45) есепті кездесулер кезінде жасалған тұрғындардың сұраныстарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
46) аудан әкімі аппаратының істер номенклатурасын әзірлеу, архивті іс-қағаздарын жүргізу және ұйымдастыру;
47) аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының азаматтарды жеке қабылдауын жүргізуді ұйымдастыру
48) мүлікті түгендеуді өткізу тәртібін, шаруашылық операцияларды жүргізуге бақылауды қамтамасыз ету;
49) қаржылық тәртібі күшейтілуіне бағытталған шаралар жүргізу және әкім аппаратының қызметі туралы есептік ақпараттың қалыптастырылуы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз ету;
50) бюджеттік бағдарламалар бойынша есептік ақпараттың деректер базасын құруға, жүргізу;
51) мемлекеттік сатып алу туралы жылдық жоспарды жасауға және оны бекітуге ұсыну;
52) Ауданда тұратын көпбалалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттау үшін құжаттарын қабылдап, алқалардың тапсырылуын үйлестіру;
53) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес бөлімдері тарапынан «Е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдарын қарап, оларды уақытылы әрі сапалы орындауды бақылау;
54) осы Ережеден туындайтын жұмыстарды мемлекеттік сатып алулар кезінде, заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік сатып алулардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын бақылау, мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстармен қызметтердің орындалу актілерін қабылдау;
55) «109 IKomek» байланыс орталығынан келіп түскен арыз, шағым, өтініштерге уақытылы, сапалы жауап беруін қадағалау;
56) Жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізу;
57) Аудан әкімі аппаратымен өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу;
58) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;
59) Әдеп кодексінің талаптарын сақтау.
60) «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне өздеріне тиісті жеке мәліметтерді (өкімге негіз болып табылатын өтініштердің барлық түрі, қызметтік жазбаларды, бағалау парақшаларын т.б.) тек автоматтық режимде енгізіп, жолдау.