Мемлекеттік қызметкердің әдеп сақтауы - басты құндылық

Мемлекеттік қызметкердің әдеп сақтауы – басты құндылық

            Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде белгіленген қағидаттарды түсіндіру жөніндегі 2023 жылға арналған іс жоспарында көрсетілген.

«Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру» туралы іс-шараны орындау мақсатында 14.03.2023 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас мамандары А.Қансейітова, А.Марасулов және Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишевтің қатысуымен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен семинар өткізілді.
             Семинар барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы түсіндіру, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметшілері тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы және еңбек тәртібінің сақталуы, мемлекеттік қызметшілерге заңнамамен берілген әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы және әлеуметтік қорғау, іс шара барысында мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістер және Әдеп кодексінде көзделген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау жауапкершіліктері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған тосқауыл қою, ойынқұмарлықпен шұғылданбау, жұмысқа келіп-кету мерзімін бақылау жүргізуге, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға және қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеу туралы талаптар талқыланды.
              Семинар барысында қабылданған заң талаптарынан туындаған мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар берілді.

Мемлекеттік қызметкердің әдеп сақтауы - басты құндылық
Дата публикации
20 ноября 2023