БЖЗҚ 2021 жылдың қорытындысы бойынша өз салымшыларын (алушыларын) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы хабардар ету науқанын бастады.
Жеке зейнетақы шоттарынан (ЖЗШ) үзінді көшірмені дәстүрлі пошта байланысы арқылы алуды шамамен 1,15 млн салымшы (алушы) жөн көреді, әйтсе де олардың саны жыл сайын азайып келеді. Есесіне ақпарат алудың электрондық тәсілдері көбірек таңдалуда. Мысалы, 2021 жылдың басында дәстүрлі пошта арқылы мәлімет алушылар саны 1,28 млн асқан еді, яғни бір жылда 130 мыңға азайып отыр. Егер неғұрлым ұзақ мерзімді қарастырсақ, 2014 жылдан бастап (барлық шоттар мен зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіру кезеңі) пошта байланысы қызметі арқылы жіберілетін үзінді көшірме саны 3 есеге қысқарды.