Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 13,1 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
Зейнетақы жинақтарының едәуір өсуі 2021 жылдың 1 қаңтары мен 2022 жылдың 1 қаңтары аралығында 1,4 трлн теңгеден асқан таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді, бұл былтырғы көрсеткіштен 138,2 млрд теңгеге немесе 11% артық. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 11,13%, ал инфляция 8,4% құрады.