Инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға аударымның орташа сомасы – екі миллион теңге

2021 жылдың  қаңтарынан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға инвестициялық басқаруға аудару  құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді.

Салымшының зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына:

- салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе

- өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде берілуі мүмкін.

Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ға аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтініш жасауы қажет. Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келгенде беруге болады.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аударуды салымшыдан өтініш  түскен күннен кейінгі күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қалады.

ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары біржолғы зейнетақы төлемдері ретінде алынған қаражат болып есептелмейді (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) және оларды ИПБ-ға ауыстырған кезде оларға жеке табыс салығы салынбайды.

компанияларға аударымның орташа сомасы
Дата публикации
08 октября 2021