БЖЗҚ салымшылары 938 миллиард теңге таза инвестициялық табыс алды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 12,9 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.

2021 жылғы 1 қаңтардан 1 шілдеге дейінгі сегіз ай ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 938,9 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелгенін атап өткен маңызды. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67 млрд теңгеге немесе 8% артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 1 қыркүйекте 7,65%, ал инфляция 5,8% болды. Соңғы 12 айда инфляция 8,7%, кірістілік 10,68%  көрсетті.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес апта сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. кіреді.

Жалпы барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап, Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 5,6 трлн теңгеден асты. 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық табыстың үлесі 36,5% .

БЖЗҚ салымшылары
Дата публикации
08 октября 2021