АЭС-ТІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ӘСЕРІ

АЭС-ТІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ӘСЕРІ

Шаруа Пірмат колледжінде «АЭС-тің пайдасы мен әсері» тақырыбында кездесу өтті. Шара барысында студенттер мен оқытушылар атом энергиясының қауіпсіздігі, экологиялық аспектілері және қоғамдағы рөлі туралы ақпарат алды.

Кездесу барысында атом электр станцияларының жұмыс принциптері, артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланды. АЭС-тың экологиялық таза энергия көзі ретіндегі маңыздылығын, сондай-ақ еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі де аталып өтті.

Студенттер АЭС-тың қауіпсіздік шаралары мен заманауи технологиялары туралы сұрақтар қойып, пікір алмасты. Бұл кездесудің мақсаты — жастардың атом энергиясына деген қызығушылығын арттыру және саланың болашағы туралы түсінік беру болды.