«Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы

«Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес және «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы» 2018 жылғы 22 маусымдағы № 31/252-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 29/259-VIII шешімі негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
  2. «Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мирасқоры болып берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде «Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
  4. «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
  • осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
  • осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шымкент қаласының әкімі                                Ғ.Сыздықбеков

каз
Дата публикации
15 октября 2025