Ақпараттық жұмыстар бойынша мәлімет (2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша)

Ақпараттық жұмыстар бойынша мәлімет

(2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша)

 

Шымкент қаласында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жұмыстары жергілікті және республикалық деңгейдегі – 10 телеарна, 2 радио, 18 мерзімді басылым, 54 интернет басылым арқылы жүргізілуде.

Есепті кезең қорытындысы бойынша Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы туралы БАҚ-та – 8 522 ақпарат шығарылды (телеарналарда сюжеттер, газеттерде мақалалар, интернет-ресурстарда материалдар), ал әлеуметтік желілерде – 20 мыңнан астам (пост, мультимедиалық өнімдер, подкастар, сұхбаттар және т.б).

«Өңірлік коммуникация орталығы» алаңында Әкімдіктің құрылымдық басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің, аумақтық департамент басшыларының қатысуымен жалпы саны - 126 баспасөз-брифингі ұйымдастырылды. Түрлі салаларға қатысты 7 баспасөз-туры өткізілді

Шымкент қаласына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы түрлі сипатта жарияланған 737 өтініш қала әкімдігінің басқармалары мен аудан әкімдіктеріне жолданып, кері байлныс орнатылды.

Оның ішінде – 590 өтініш бойынша тиісті мекемелер тарапынан жедел ден қою шаралары қабылданып, жауаптары берілген. Қалған 147 өтініш бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

 

 

 

каз
Дата публикации
15 октября 2025