Шымкент қаласында азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруға бағытталған іс-шаралар туралы

Шымкент қаласында азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруға бағытталған іс-шаралар туралы

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы азаматтық қоғам институттарын қолдау мен дамыту мақсатында 2025 жылдың ішінде бірқатар маңызды іс-шаралар өткізді. Аталған жұмыстар үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттыру, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге азаматтық секторды тарту және мемлекеттік құрылымдармен тиімді серіктестік орнатуға бағытталды.

 

  1. Өңірлік азаматтық форум:

 

Шымкент қаласында XII өңірлік Азаматтық форумы өтті.

2025 жылдың шілде айында «Шымкент қаласының тұрақты дамуы: Азаматтық қоғам институттарының рөлі» атты ХІІ-ші өңірлік Азаматтық форумы ұйымдастырылды. Форумда азаматтық қоғам өкілдері, мемлекеттік органдар және сарапшылар бас қосып, қоғамдағы әлеуметтік мәселелер мен оларды шешудегі ҮЕҰ-ның үлесі бойынша пікір алмасты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтық сектор мен жергілікті билік арасындағы тиімді әріптестік орнату, ҮЕҰ-ның шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту және азаматтық бастамаларды дамыту.

Форум барысында келесі бағыттар бойынша сессиялық отырыстар өткізілді:

- Қоғамдық бақылау;

- Жастар саясаты;

- Инклюзивті қоғам;

- Экологиялық жобалар;

- Азаматтық бастамаларды қолдау.

Форум жұмысына қала әкімдігі, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҮЕҰ мүшелері, тәуелсіз сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты. Қатысушылар азаматтық қоғамның қоғамдық мәселелерді шешудегі белсенділігін атап өтіп, тәжірибе алмасты.

Іс-шара қорытындысында нақты ұсыныстар мен бастамалар қарастырылып, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жаңа қадамдар белгіленді.

Азаматтық форум – Шымкент қаласында ашық диалог, серіктестік пен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды диалог алаңы болып отыр.

  1. Құқықтық мәдениетті арттыру:

— Қалалық коммуналдық мекемелер арасында «Адалдық алаңы» тақырыбында құқықтық кездесу ұйымдастырылып, бес ұйымның өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және этикалық нормаларды сақтау мәселелері талқыланды.

 «Адалдық алаңы» тақырыбында құқықтық кездесу өтті

Шымкент қаласында «Адалдық алаңы» тақырыбында құқықтық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға бес мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйым өкілдері қатысты. Кездесудің басты мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру, парасаттылық қағидаттарын насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болды.

Кездесуге қатысқан мекемелер: 

  1. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы ММ-нің «Шымкент қалалық газ техникалық қызметі» КММ;
  2. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ;
  3. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ;
  4. «Қамқорлық №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ;
  5. «Отбасын қолдау орталығы» КММ.

Іс-шара барысында қатысушылар арасында адалдық принциптері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары мен қоғамдық бақылаудың рөлі талқыланды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті және сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

Мұндай кездесулер қоғамда ашықтық пен адалдық қағидаларын орнықтыруға оң әсер етеді.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Шымкентте жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –шара аясында сурет байқауы өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласында жастар арасында «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Іс-шара ашық аспан астында, қала тұрғындарының көп жиналатын орны – Арбат алаңында өтті.

Байқауға 150-ден астам жас суретші қатысып, екі жас санаты бойынша авторлық жұмыстарын ұсынды. Жасөспірімдер мен жастар өз еңбектерінде қоғамдағы басты құндылықтарды – адалдық, парасаттылық, сыйластық пен әділдік ұғымдарын шығармашылық тұрғыда бейнелеп, сыбайлас жемқорлықтың зиянына назар аудартты.

Жеңімпаздарды анықтау үшін Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың өкілдерінен құралған комиссиясы жұмыс істеді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған авторларға ақшалай сертификаттар мен дипломдар, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Бұл іс-шара жастарды адалдық пен әділдікке баулып, азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.

  1. Патриоттық тәрбие мен рухани жаңғыруды насихаттау:

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ту тұғыры» алаңында салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету арқылы жастардың отансүйгіштік рухы нығайтылды. 

«ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» әлеуметтік жобасы аясында салтанатты іс-шара өтті

2025 жылғы 4 маусымда Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара «Ту тұғыры» алаңында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара – Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран сынды еліміздің нышандарын ұлықтап, олардың тарихи маңыздылығын дәріптеуге бағытталды. Шараға қала әкімдігі, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ардагерлер, жастар ұйымдары, әскери қызметшілер, мектеп оқушылары мен қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиын Мемлекеттік Тудың көтерілу рәсімімен басталып, жиналған жұртшылыққа зор рух пен патриоттық сезім сыйлады. Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айшықты белгілері ретінде ел бірлігін, тұтастығы мен мемлекеттілігін бейнелейді.

Іс-шара барысында рәміздердің шығу тарихына тоқталып, әрбір азаматтың оларды құрметтеу – азаматтық борышы екені атап өтілді. Бұл күн жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу жолындағы маңызды бастамалардың бірі ретінде есте қалды.

Шымкент қаласында мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуге бағытталған осындай тағылымы мол іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп отыратын болады.

каз
Дата публикации
13 октября 2025