Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімнің 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
2025 жыл басындағы статистикалық дерек бойынша Шымкентте 1 256 164 адам тұрады. Қала тұрғындарының 28,6%-ын этнос өкілдері құрайды.
Биыл Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдық мерей тойын кең көлемде атап өтуде.
Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қала әкімімен іс-шаралар жоспары бекітіліп, қоғамда бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған жалпы 120-дан аса мәдени көпшілік іс-шаралар өткізілді.
Сонымен қатар, көрші елдермен халықаралық байланысты нығайтуға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы ҚХА-ның рөлі» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан арнайы делегация өкілдері келіп қатысты.
Нәтижесінде, бұл іс-шаралар жастар арасында ынтымақтастық пен елдер арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал етті.
Одан бөлек, этностық әралуындықты көрсетуге бағытталған этномәдени бірлестіктердің «Рождество», «Масленица», «Соллаль», «Достық фестивалі», «Сабантой» сынды мерекелік іс-шаралары ұйымдастырылып өткізілді.
Шымкент қаласында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытындағы жұмыстарға мемлекеттік органдардан бөлек, ортақ іске қаламызда тіркелген 17 этномәдени бірлестік пен Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы 10 қоғамдық құрылым белсене қатысуда.
Ақпарат ретінде: Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, Ғылыми сараптама тобы, Қазақстан халық Ассамблеясының кафедрасы, Ассамблея жастары, Журналистер мен блогерлер клубы, Жас ғалымдар клубы, «Бірлік» депутаттық тобы, Достық клубтары.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясында берген тапсырмасы аясында Достық үйі ғимаратынан жаңа комьюнити орталығы қыркүйек айында ашылды.
Заман талабына сай жабдықталған орталықта:
🔹 Жылдам интернет
🔹 Демалыс аймағы
🔹 Пікір алмасу алаңы
🔹 Ыңғайлы жұмыс жағдайы
🔹 Оқу залы
🔹 Би алаңы сияқты барлық қажетті мүмкіндіктер қарастырылған.
Бүгінгі таңда, комьюнити-орталық жастардың өз әлеуетін толық жүзеге асыруына мүмкіндік беретін, сондай-ақ ел дамуына, бірлік пен татулықты нығайтуға үлес қосатын жаңа көшбасшылар мен маңызды идеялар, жобаларды қалыптастыратын ортаға айналып отыр.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен «Ассамблея жастары» қаланы тазарту, ағаш отырғызу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықты ағарту жұмыстарына белсене қатысып, жыл басынан бері «Таза қала», «Таза Жағалау», «Мәдени мұра», «Эко Күн», «Бірлік – береке бастауы» экологиялық акциялар өткізіліп, 10 мыңнан астам адам қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында берген тапсырмасына сәйкес «Достық үйі» ғимараты Шымкент қаласының туристік бағыттар картасына енгізілді.
Шымкент қалалық Жас ғалымдар клубының мүшелері тарапынан тоқсан сайын «Қазақтану» ғылыми журналы жарық көруде.
Шымкент қаласында этномедицияны дамыту мақсатында Шымкент қалалық медиация кеңесі мүшелері тарапынан «Татуласу орталығы» ашылды.
Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «ҚХА 30 игі іс» акциясы аясында 22 млн. 160 мың теңгенің көмегі мұқтаж адамдарға көрсетілді.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын табысты жүзеге асырып, еліміз бойынша үздік нәтиже көрсеткендердің бірі болды.
Шымкент қаласының жоғары оқу орындарында 9 студенттік Ассамблеялар мен орта арнаулы оқу орындарында 23 Достық клубтары белсенді жұмыс жасауда.
Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 42 шағынаудан, тұрғын алап, саяжай тұрғындары мен 47 жоғары және арнаулы оқу орнының студент жастары арасында 89 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан бері этностар тығыз шоғырланған аумақтарда әкімдік, басқармалар мен құқықық қорғау органы қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық қабылдаулар, мәдени, спорттық, экологиялық акциялар мен іс-шаралар өткізілді.
Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, қоғамдағы сенім мәдениетін нығайту мен жастарды тәрбиелеуге бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының 13 жобасы («Ассамблея.Парламент.Мәслихаттар», «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі», «Бірлігіміз – әралуандықта», «Жомарт жан», «Ассамблея айнасы», «Біртұтас қоғам: келісім және сенім», «Этномәдени бірлестіктер: реформалардың әлеуметтік базасы», «Салауатты сана», «Адал азамат», «Елдесу және татуласу», «Бейбітшілік және келісім», «Жаңа толқын», «Тамырлас») жүзеге асырылды.
Этносаралық қатынастар саласындағы негізгі жұмыстар ақпараттық жұмыстарға бағытталған.
Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі күшейту мақсатында биыл «Қоғамдық келісім» КММ-нен арнайы Цифрлық медиа және қоғаммен байланыс бөлімі ашылды және Шымкент қалалық Қазақстан халқы Асамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының жетекшісі мен мүшелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Клуб белсенді 18 журналист пен блогерлермен толықтырылды.
Клуб мүшелерінің атсалысуымен қаңтар-қыркүйек айлары аралығында қалалық Ассамблея қызметі мен ұйымдастырылған іс- шаралар жайында 5 мыңнан аса материал жарық көрді.