Шымкент қаласы бойынша үкіметтік емес ұйымдар туралы ақпарат

Шымкент қаласында 563-тен астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның қазіргі таңда 100-ге жуығы белсенді.

Азаматтық қоғам институттарын дамыту және белсенділігін арттыру мақсатында 2021 жылдың 12 қазанда «Азаматтық қоғамды дамыту жол картасы» (Бұдан әрі-Жол картасы) жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Азаматтық ресурстық орталық» (Бұдан әрі-Орталық) ашылды. Орталық  азаматтық қоғам өкілдері жұмыс жасау үшін барлық материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

«Орталықтың» жұмысын үйлестіруші Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының бірлестігі. «Азаматтық Альянстың» құрамына қаламыздағы 58 ұйым біріктірілген.

Орталықтың мақсаты үкіметтік емес секторды қалыптастыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттық өтінімдерді толтыру, азаматтық қоғамды дамыту бойынша ақпараттық, әдістемелік және консультациялық қызметтер көрсету, ҮЕҰ-ға арналған кездесулер мен диалог алаңдарын ұйымдастыру болып табылады.

 2024 жылы «Орталықта» үкіметтік емес ұйымдардың қала тұрғындарын қабылдау кестесі бекітіліп, кестеге сәйкес 30-ға жуық қоғамдық бірлестіктер өз бағыттары бойынша қала тұрғындарына                     45 рет қабылдау жүргізді (Демографиялық гендерлік саясат, ЖИТС-тен балаларды қорғау, психологиялық, әлеуметтік кәсіпкерлік, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру, көші-қон мәселелері, аутизмі бар балалар мен ата-аналарын қолдау, медиация қызметі және т.б. консультациялар).  Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында  69 кездесулері өткізілген.

 Нәтижесінде, 150-ден астам жеке және заңды тұлғаларға заң талаптарына сәйкес кеңестер берілді.

Орталықта жұмыс жасайтын мамандар есепті мерзімде                            117 ҮЕҰ-ға құқықтық көмектер көрсетті (мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттық өтінімдерді толтыру, ҮЕҰ мемлекеттік органдармен жұмысын қалыптастыру мәселелері бойынша).

2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдарға 190 313 971,45 тиын қаржы қаралды.

2025 жылға үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», «Шымкент қаласының қоғамдық-саяси ахуалы мен өзекті мәселелерін анықтауға арналған әлеуметтік жобасы», «Мемлекеттік рәміздер күні», «Қарты бар елдің қазынасы бар», «Ерлік ұмытылмайды», «Еңбегі сіңген тұлғалар», «25-қазан Республика күні» және «Түркі тілдес мемлекеттерінің жұмысшы мамандықтары туралы халықаралық форумы» тақырыптарындағы жобаларға 71 521 000 теңге қаржы қаралып отыр.

Бүгінгі таңда, үкіметтік емес ұйымдардың үйлестіру кеңесінің жаңа құрамын бекіту мәселесі Шымкент қаласы әкімімен пысықталып, Басқарма тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.    

Жалпы қаламыздағы белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қоғамдық-мәдени, қайырымдылық шаралардан тыс қалған емес.

Өз кезегінде, қаламызда азаматтық қоғамның белсенділігі арттыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

каз
Дата публикации
06 марта 2025