2-тармақ: Әлеуметтік желілерге мониторинг 24/7 режимде тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік желілерде 3 560 материал бойынша кері байланыс орнатылып, 3 154 жауап берілді.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 13 800 материал дайындалып, таратылды.
Қоғам қайраткерлерінен, зиялы қауым өкілдерінен, қоғам белсенділерінен, спорт және өнер, дін қайраткерлерінен тұратын пул жұмыс істейді.
5-тармақ: Шымкентте барлығы 203 БАҚ жұмыс істейді.
Анықтама: 123 мерзімді баспасөз басылымдары, 5 телеарна, 1 радио, 74 ақпараттық портал.
2024 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде 1 143 404,7 мың теңге көзделген және толық орындалды.
Анықтама: бұл жұмыстар 9 телеарна, 2 радио, 18 мерзімді басылым, 30 интернет-ресурс арқылы іске асырылды.
Есепті кезеңде 219 903 материал талданды. Оның ішінде оң материалдар - 156 511 (71,9%), бейтараптар – 53 130 (23,3%), теріс/сыни материалдар – 10 262 (4,8%).
2024 жылы Шымкент қаласының әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы 34 089 материал дайындалып, таратылды. Оның ішінде БАҚ – та 20 289.
Анықтама үшін: телеарналарда - 2 638 сюжет, баспа басылымдарында - 2 206 мақала, интернет-ресурстарда – 13 440 материал.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 159 баспасөз брифингі өткізілді.
Анықтама: спикерлер саны-368, қатысқан БАҚ саны-904, таратылатын ақпарат саны – 19 650.
Негізгі жұмыстарға және түрлі салалардағы өзекті мәселелерге қатысты 15 баспасөз туры ұйымдастырылды.
Қала әкімдігі, аудан әкімі аппараттары мен қала басқармалары, сондай-ақ басқа да мекемелер өткізген 1000-ға жуық түрлі іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсетілді, БАҚ және әлеуметтік желілерде кеңінен сүйемелдеу жүргізілді.
Анықтама: мәдени, спорттық, мерекелік іс-шаралар, көрмелер, жәрмеңкелер, түрлі форматтағы жиналыстар, кездесулер, нысандардың ашылуы және т. б.