VIII. бағыт: Отбасы құндылықтарын насихаттау және гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында 5 жобаны жүзеге асырды:
- «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы;
- «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы;
- жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шаралар;
- гендерлік саясат және қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған шаралар;
- елдің қоғамдық-саяси өмірінде әйелдердің рөлін ілгерілету жөніндегі әлеуметтік жоба.
Аталған жобалар аясында курстар мен форумдар ұйымдастырылды. 86 кездесу өткізіліп, оған 16 мыңнан аса жас қатысты. 2000 жас арасында зорлық-зомбылықтың түрлері туралы сауалнама жүргізілді. 9000 дана ақпараттық кітап, 1000 дана флаер, 1000 дана буклет таратылды, 5 видео жасалды.
Жастармен кездесулер барысында отбасы құндылықтары, зорлық-зомбылықтың алдын алу, девиантты мінез-құлық және лудомания тақырыптары талқыланды.
«Ана үйі» қоғамдық қорында жалғызбасты 25 анаға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, жастар арасында нашақорлық пен ойынға тәуелділіктің алдын алу бойынша: 5 акция өтті, акцияда 800-ден аса графитти өшірілді, 2000 дана ақпараттық парақшалар таратылды. 7 бейнеролик дайындалды. 7 баспасөз релизімен БАҚ-та 83 ақпарат жарияланды. «Шымкент – есірткісіз қала» республикалық науқаны өткізіліп, республикалық және жергілікті БАҚ-та 75 ақпарат жарияланды. Бұл іс-шараларға жалпы 11 мыңнан аса жас қамтылды.