Жастар саясаты

Бөлім қызметінің басым бағыттарының бірі қаламызда жастар саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Қаламызда 14-35 жас аралығындағы жастардың саны 387 831. Бұл жалпы тұрғындарының 31,4% құрайды (Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы). 

Сонымен қатар, 2024-2025 оқу жылында 9 жоғары оқу орнында 83 600 студент және 40 техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру мекемесінде (12 мемлекеттік, 28 жекеменшік) 44 722 студент білім алуда.

Осыған сәйкес, 2024 жылы жастар саясатын жүзеге асыру бағытында қала аумағында өткізілген іс-шараларға жалпы 363 000-ға жуық жастар қамтылды.

  1. бағыт: NEET санатындағы жұмыссыз жүргендер саны 2024 жылы 20 480 жас болса, бүгінгі таңда салыстырмалы аралық кезеңде 13 823 жас бар, 6657-ге азайған. Аталған категориядағы жастар санын азайту мақсатында оқуға түсу және жұмысқа орналасу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

NEET санатындағы жастарды жұмысқа ынталандыру, жұмыспен қамту және жастарды жұмысқа орналастыру үшін ақпараттық жұмыстар жүргізу бағыты бойынша - бірнеше жобалар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, «Жаңа өмір», «JOLTAP», «Жасыл ел», «Еңбек бәрін жеңбек» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі. Осы жылғы «Жасыл ел» жобасы бойынша 1313 жас уақытша жұмыспен қамтылды. 2024 жылдың 1 желтоқсанында Шымкент қаласы әкімдігімен еңбек мобильдігі орталығы арқылы  NEET санатына жататын 35 жасқа дейінгі 5063 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар, соның ішінде: «Жастар практикасы», «Ақылы қоғамдық жұмыс», «Алғашқы бос жұмыс орны», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», мемлекеттік бағдарламалары бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары қаламыздан шалғай орналасқан елдімекендерінде қалалық еңбек мобильді орталығы және жұмыс беруші компания, мекемелермен бірлесіп, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім беретін мекеме студенттеріне мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 66 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 10 592  жас қамтылды.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес Басқарма мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 14 жобаны жүзеге асыруда.

  1. бағыт: Қаржылық, заңгерлік сауаттылықты арттыру және жастар кәсіпкерлігін қолдау бағыты бойынша - 64 кездесу ұйымдастырылып, 9 931 жас қамтылды.

Сонымен қатар, «Кәсіпкер күнделігі» айдары бойынша жыл басынан бері 21 іс-шара ұйымдастырылып, 4 700-ге жуық жас қамтылды.

III. бағыт: Әскери патриоттықты дамыту бойынша - 15 іс-шара ұйымдастырылып, 2000-ға жуық жас қамтылды.

Атап айтқанда: «Дала жиыны» атты іс-шараға (184 жас), «Спорт – өмірдің мәні» (143 жас), «Қорғаныс және еңбекке даярмын» (184 жас), «Әскерге бару – міндет қана емес, зор абырой» (162 жас), «Әскери-патриоттық саптық оқу – дала жиыны» (247 жас), «Ел батыры - ел есінде» (191 жас), «Патриот болу заманға сай ма?» (172 жас), «Қорғаныс және еңбекке даярмын» (197 жас), «Өз еліңді танып біл» (184 жас) жас қамтылды.

  1. бағыт: Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті тәрбиелеу бағыты бойынша - 47

    іс-шара ұйымдастырылып, 6 071 жас қамтылды.

Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, алаяқтықтың алдын-алу мақсатында жастарға киберсауаттылықты арттыруға арналған тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңнамалар негізінде ақпараттық жұмыстар жүргізілді.

  1. бағыт: Жастар арасында психо-профилактикалық насихат жұмыстарын жүргізу бағыты бойынша - 237 кездесу және арнайы дайындалған 250 дана брошюралар таратылып, жалпы іс-шараға 58 750-ге жуық жас қамтылды.

  2. бағыт: Құқықбұзушылық, нашақорлық, лудомания, суицидтің алдын алу бағыты бойынша - 62 кездесу, 47 іс-шара, 48 семинар-тренингтер ұйымдастырылып, 20 000-ға жуық жас қамтылды.

Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында маргиналды жастарға «Жаңа өмір» жобасын жүзеге асырды.

Жоба аясында қайта қылмыстың алдын-алу, қаржылық сауаттылығын арттыру, отбасы құндылығын дәріптеу, психологиялық қолдау көрсету бағытында білікті мамандардың қатысуымен психологиялық-консультациялық 20 курстық кездесулер өткізіліп, 500 жасқа қолдау көрсетілді.

VII. бағыт: Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, еріктілік және қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу бағыты бойынша - 73 іс-шара ұйымдастырылып, 9 864 жас қамтылды.

Басқарма өз қызметінде ерекше қабілеті бар жастарға да ерекше ден қойып, тиісті жұмыстар атқарады. Биыл ерекше қабілеті бар 60 жас қаланың тарихи-мәдени орындарына экскурсия жасап, қала тарихымен танысты. Сондай-ақ, 14 пен 35 жасқа дейінгі ерекше қабілеті бар жастар арасында үстел теннисі мен шахматтан турнир ұйымдастырылып, оған 50-ден аса жас қамтылды. 20-дан астам ерекшелігі бар талантты жастардың қатысуымен «Біз жұлдыз болып жанамыз» атты шығармашылық кеші мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өткізілді.

каз
Дата публикации
18 февраля 2025