Ақпараттық хабарлама

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) 2025 жылға арналған жыл сайынғы аккредиттеуін өткізеді.

Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы №367-НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2025 жылдың қаңтар айының 5-нен 17-і аралығында келесі электронды пошта арқылы жүргізіледі:  b.khozhabekov@shymkent.gov.kz

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi келесідей құжаттарды электрондық нысанда жолдайды:

  • бұқаралық ақпарат құралының бас редакторы және (немесе) иесі қол қойған 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) тұрақты аккредиттеу туралы өтініш;
  • аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімін қоса бере отырып, журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  • БАҚ-ты тіркеу куәлігінің көшірмесі.

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасында аккредиттелуге үміткер бұқаралық ақпарат құралдары осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынуы қажет.

Тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі - құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

               Келесі жағдайларда аккредиттеу жүзеге асырылмайды. Егер:

  • бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімі болса;
  • ұсынылған құжаттар Қағиданың 8-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;
  • тізілімде есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының болмауы;
  • бұқаралық ақпарат құралдары аккредиттеуге құжаттарды өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынған жағдайларда.

          Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) тұрақты аккредиттеу 1 (бір) жыл мерзімге жүзеге асырылады.

          Өтінішті қарау нәтижелері бойынша аккредиттеуші ұйым өтініш берушілерді аккредиттеу немесе журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша және (немесе) электронды түрде хабарлайды.

ақпараттық хабарлама
Дата публикации
07 января 2025