«Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша ақпарат

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір – қыркүйек айларында  Шымкент қаласы бойынша 62 рет «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді.

Акция басталғалы 270 мыңға жуық адам,
2294 өндірістік және кәсіпкерлік, 681 әлеуметтік нысан қатысып, 10086 бірлік техника жұмылдырылды, 10 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды.

Аталған жұмыстарға қала тұрғындары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, мекеме қызметкерлері және ерікті жастар белсене атсалысуда.

2024 жылғы 11 шілдеде Шымкент қаласының Мәслихаты «Таза Қазақстан» науқаны аясында қаланың аумақтарын абаттандырудың үлгілік Қағидаларын бекітті, олардың ерекшелігі абаттандырудың барлық элементтеріне қойылатын талаптардың егжей-тегжейлі жазылуы болып табылады.

Қағидаларда құрылыс алаңдарын күтіп ұстауға қойылатын талаптар жеке параграфпен айқындалған.

Құрылыс алаңдарына кірме жолдар міндетті түрде қатты жабынмен, дөңгелектерді жуу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Құрылыс алаңдарының қоршауларының дұрыс және эстетикалық көрінісін, құрылыс алаңдарының тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер мердігер ұйымдарға жүктеледі. Сусымалы жүктерді жамылғысыз тасымалдауға тыйым салынады.

Бүгінгі күні қала аумағында 778 нысан (бюджеттік 182, коммерциялық 596) салынып жатыр. Әкімдік тарапынан құрылыс нысандарында жұмыстарды ұйымдастыру мәдениеті мен өндірісті ұйымдастыруға (нысан паспорты, баннерлер, қоршаулар, дөңгелектерді жуу орындарының болуы) тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде және  талапты бұзған құрылыс ұйымдарына тиісті ескертулер берілді.

Аула аумақтарын абаттандыру.

Қала аумағында бүгінгі күні 1427 аула бар.
2016-2023 жылдар аралығында 1035 аула толық жөндеуден өтті (72,5% құрайды). Биыл 193 аула толық жөндеуден өтеді, бұл жұмыстардың аяқталуы осы жылдың қазан айына жоспарланған (2024 жылға 4,9 млрд теңге бөлінген). Қалған 199 ауланы 2025-2026 жылдар аралығында жасалынатын болады.

 «Таза Қазақстан» акциясын қарқынды жалғастыру мақсатында жыл соңына дейін қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыратын қалалық іс-шаралар одан әрі жүзеге асырылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Шымкент қаласында тұрғындардың тазалыққа қатысты ұсынытары мен шағымдарын қабылдайтын телеграм желісіндегі «TazaQazBot» іске қосылғаны туралы ақпараттық насихаттық жұмыс төмендегідей жүргізілуде.

Жергілікті «Оңтүстік», «Отырар», «Айғақ» және «Хан тв» телеарналарында арнайы әзірленген бейнеролик шілде айынан бастап күнделікті кешкі сағ 17:00 мен 22:00 аралығында тәулігіне                 2 реттік жиілікпен көрсетілуде;

Әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram, Tik-Tok, Youtube) 900-ге жуық парақшалар мен пабликтерде шығарылып, таратылды;

Қаладағы 5 аудандағы үй басқарушылар (МИБ мен ЖС) мен көше төрағалары арқылы тұрғындардың 200-ден астам WhatsАap-чаттарында таратылды.

Платформа іске қосылған күннен бүгінгі күнге дейін жалпы саны 77 өтініш келіп түсті.

Түскен өтініштердің 52-сі толық орындалған, 11 өтінім орындалу үстінде және 8 өтінім бас тартылса, 2 өтінім нақты мекен-жайы көрсетілмеуіне байланысты қайтарылды.

Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы басталған уақыттан бері республикалық және жергілікті БАҚ-та 78,9 мыңнан астам ақпарат шығарылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып, мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

 

каз
Дата публикации
27 сентября 2024