Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасын сүйемелдеу бойынша медиа-жоспар әзірледі және тиісті жұмыстар атқарылуда.
2024 жылғы ақпан айында Шымкент қаласында «Қарыссыз қоғам» жобасының бастау алғаны жөнінде «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында өткен мәжілістен бастап, тұрғындарды қаржылық оқыту сабақтарының жүргізілу барысы туралы тұрақты ақпараттық қолдау көрсетуде.
Бүгінгі күнге дейін жергілікті БАҚ-та 50-ден астам материалдар шығарылып әлеуметтік желілерде таратылып, мерзіміді басылымдарда «Қарызсыз қоғам» айдары ашылды.
Жобаның іске асырылу барысы туралы жергілікті телеарналарда арнайы сюжеттер, телебағдарламалар және тікелей эфирлер шығарылымы жүргізілуде.
Жергілікті «Оңтүстік» радиосы арқылы мамандардың сұқбаты айына бір рет, мерзімді басылымдардағы «Қарыссыз қоғам» айдары арқылы сарапшылар мен азамттық қоғам өкілдерінің мақалаларын, сұқбаттары шығарылды. Өңірлік коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдеріне арналған 2 баспасөз-брифингі ұймдастырылды.