Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы
23 шілдедегі Заңының 4-3-бабының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса ұсынылып отырған Журналистерді аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мәдениет және ақпарат саласындағы кейбір
бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және
мұрағат комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Құл-Мұхаммед