2024 жылдың қаңтар айында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы - 5 мыңнан астам ақпарат таратылды. Оның ішінде БАҚ-та – 1 600-ден астам, әлеуметтік желілерде – 3 500 жуық материал.
Жалпы ақпараттық жұмыстарды жүргізу аясында бірнеше бағыттарда мақсатты жұмыстар жүргізілді. Олар:
- Мемлекет басшысының Шымкент қаласын дамыту жөніндегі берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы;
- Мемлекет Басшысының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы реформалары, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары, сондай-ақ атаулы даталар мен мемлекеттік мерекелерге қатысты;
- Аудан әкімдіктері мен құрылымдық басқармалардың негізгі қызметтері мен атқарылған жұмыстары туралы халықты ақпараттандыру;
- Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен баспасөз-брифингтерін ұйымдастыру;
- Түрлі салалардағы атқарылған негізгі жұмыстар мен өзекті мәселелерге қатысты баспасөз-турларын ұйымдастыру;
- аудан әкімдері мен басқарма басшыларының әлеуметтік желілер арқылы халықпен тікелей эфир ұйымдастыру;
Тұрғындардың өтініштері мен талап-тілектеріне ден қою мақсатында 450-ге жуық БАҚ пен әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстары жүргізіліп, 438 өтінішке талдау жасалынды. Оның ішінде – 222-не кері байланыс орнатылып, 216 өтініш бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.