Бүгінде қала аумағында тұратын 1 216 мың тұрғынның ұлттық құрамы бойынша қала тұрғындарының 30%-ын этнос өкілдері құрайды. Ірі этностар қатарында: өзбектер – 15,8%, орыстар – 6,3%, әзірбайжандар – 1,6%, күрділер – 0,3% болса, қалған 3,7%-ы өзге шағын этностардан қалыптасқан.
Этнос өкілдері қаладағы 23 шағынаудан мен тұрғын алапта (өзбектер – 13, әзірбайжандар – 6, күрдтер – 4 аумақта) жинақы қоныстанған.
Шымкент қаласында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге қалада тіркелген 17 этномәдени бірлестіктер мен оның 563 мүшелері кеңінен жұмылдырылған.
Нәтижесінде 2022 жылы 92 тұрғын алап пен шағын ауданда ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, 2023 жылы 81 елді мекенде өтті.
Ассамблея жанындағы қоғамдық негізде әрекет ететін 8 құрылым бар. Олар: Ақсақалдар, Аналар, Медиация кеңестері, «Ассамблея жастар», Ғылыми сапаршылық топ, Журналистер мен блогерлер клубы және «Бірлік» депуттатық тобы.
Сонымен қатар, басқармаға қарасты «Қоғамдық келісім» КММ жұмыс жасайды. Жалпы штат саны 42 адамды құрайды. (Оның ішінде 24-і негізгі қызметкер, 18-і шаруашылық қызметкерлер.)
Жыл басынан бері 148 мәдени бұқаралық іс-шаралар мен 10 астам үздік жобалар жүзеге асырылып, оған 40 мыңнан астам адам қамтылды. Оның ішінде ең ірі жобаларға тоқталатын болсақ, этносаралық келісімді сақтау мен нығайту, этноәлеуметтік қақтығыстарды алдын алу мақсатында тоқсан сайын этностар тығыз шоғырланған тұрғын алаптарда «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында тұрғындарды қабылдау өткізіліп келеді.
Этносаралық қатынастарды нығайту мен жаңа ұрпақты бірлік, әділдік, еңбекқорлық рухына тәрбиелеуге, жауапты азамат - «Адал азамат» қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Адал азамат» жобасы жүзеге асырылуда.
Қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетін этнос өкілдері арасында насихаттауға бағытталған «Қазақтану» ғылыми ағартушылық жобасы мен «Қазақ дастарханы» жобасы жүзеге асырылды.
Мемлекеттік тілді меңгерген жастарды насихаттау мен қолдауға бағытталған «Ұлы даланың – Ұлтаралық тілі», «Мен қазақша сөйлеймін», «Мың жүйрік», «Мың бала» ағартушылық жобалары жүзеге асты.
Сонымен қатар, көрші елдермен халықаралық ынтымақтастықты нығату мақсатында Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан Республикаларымен бірлескен «Достық Дастарханы» - «Шымкент палауы» халықаралық фестивалі өтті.
Сонымен қатар, мәдени әралуандықты сақтауда этномәдени бірлестіктердің жыл сайын «Рождество», «Масленица», «Играй гармонь!», «Сольналь», «Чак-чак байрам», «Офарин», «Сабантой», «Пурим», «Наурыз керуен», «Шымкент палауы» сынды мерекелік іс-шаралары тойланып келеді.
Этносаралық тұрақтылықты нығайту мақсатында қала көшелеріне 60 дана ақпараттық баннерлер орнатылды.
Одан бөлек, ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және этносаралық «араздық тілінің» алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы 50 қоғамдық көлікке 2 данадан плакаттар орналастырылды.
Сонымен қатар, бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған «Дастархан», «Жастар», «Балалар», «Ата-ана» атты аннимациялық видеолар денсаулық сақтау басқармасына қарасты 26 мекемеде, 142 мектепте, «Шымкент BUS» компаниясына қарасты 450 автобуста, автовокзалдың мониторында көрсетілді.
Жоғарыда қабылданған шаралардың нәтижесінде, қаламызда этносаралық ахуал тұрақты.