Қала аумағында 14-35 жас аралығында 381 796 жас бар. Бұл жалпы қала тұрғындарының 32% құрайды.
Қалада 2023-2024 оқу жылында 268 мектепте (Оның ішінде: 150 мемлекеттік және 118 жекеменшік) 259 мыңға жуық оқушы, 8 жоғары оқу орнында 70 865 студент және 38 орта арнаулы оқу орнында 45 622 студент білім алуда.
Министрлікпен бекітілген жастарға қызмет көрсету бойынша нысаналы индикаторларын орындауға 32 әлеуметтік және мемлекеттік жоба қарастырылған.
Білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық бағытында 841 іс-шара ұйымдастырылып, 117 275 жуық жас қамтылды.
Денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту бағытында 469 іс-шара ұйымдастырылып, 37 565 жас қамтылды.
Жастарды жұмысқа ынталандыру, жұмыспен қамту бағытында 2023 жылдың 1 қарашаға дейін 22 355 адам жұмыспен қамту мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органға жүгінген.
Қазіргі таңда, 20 278 адамның өтініші қанағаттандылырып, жұмыспен қамтылды.
NEET санатындағы 29 807 жастың тізімі жасақталды. Жастар ресурстық орталығының «Мобильді тобымен» нәтижелі «Жастар практикасы», «Ақылы қоғамдық жұмыс», «Алғашқы жұмыс орны», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары бойынша базарларда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қаламыздың 9 базарында және Шалғай елді мекендерде, жастарға мемлекеттік бағдарламар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 12 000 жуық жас қамтылды.
Қаржылық, заңгерлік сауаттылықты арттыру және жастар кәсіпкерлігін дамыту бағытында «Жас кәсіпкер» жобасы аясында базарларда және көлік жуу орындарында 30 741 жасқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Кәсіпкер күнделігі» жобасы аясында 82 бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілерде таратылды.
Қала аумағындағы 9 ірі базарлардың жанынан жастар ұйымдары ашылды.
Базар жастарына «Базар жастар лигасы» өткізілді. Аталған жобаға 400-ге жуық жас тартылды.
Жас отбасылар және жұмыс істеп жүрген жастардың рухани әлеуетін дамыту үшін және қолжетімді тұрғын үйді насихаттау бағытында 401 іс-шара ұйымдастырылып, 32 528 жас қамтылды.
«Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту», «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан», «Мерейлі отбасы», «Гендерлік саясат және қоғамдағы әйелдердің рөлі» тақырыптарында жобалары жүзеге асырылып, жыл соңына дейін шамамен 32 000 жасты қамту жоспарлануда.
Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу бойынша 55 іс-шара ұйымдастырылып, 40 201 жас қамтылды.
Жоғары және арнаулы оқу орындарында «Сенім жәшігі» жобасы ұйымдастырылды.
Аталған жоба бойынша жастар тарапынан келіп түскен өтініштер зерделеніп, тиісті жұмыстарды жүргізу үшін құзырлы органдарға жолданатын болады.
Деструктивті діни ағымдардың кері әсерлері бойынша насихат жұмыстары бағытында 321 іс-шара, 157 кездесу өткізіліп, 24 000-ға жуық жас қамтылды.
Мәдени, рухани, дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу, бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету бағытында «Fitness Park KZ» жобасы, «Жайдарман» ойындары, «Күміс домбыра» және «Күміс қалам» атты жас ақындар байқауылары және тағы басқа 97 іс-шара ұйымдастырылып, 250 000 жас қамтылды.
Келеңсіз жағдайға тап болған жастарға психологиялық 174 іс-шара ұйымдастырылып, 57 000 жас қамтылды.
Маргиналды жастарға «Жаңа өмір» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында пробация есебінде тұрған 700-ден астам жас қамтылды.
«Жастар арасында суицидке жол бермеуді насихаттау жөніндегі іс-шаралар кешені», «Қиын өмірлік жағдайларға тап болған жастар мен жасөспірімдерге жеке психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру» жобалары жүзеге асырылды.
Бұл бағытта жыл соңына дейін шамамен 58 000 жасты қамту жоспарланған.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, волонтерлік қызметтің рөлін арттыруға 8 жоба жүйелі түрде ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, волонтер жастардың стартап жобаларын қолдау мақсатында арнайы комиссияның шешімімен 3 жобаға 1 млн. теңгеден қаржы берілді.
Сонымен қатар, белсенді шығармашыл жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы жүзеге асырылып, жоба аясында арнайы комиссияның шешімімен 5 жобаға 1 млн. теңгеден гранттар табысталды.
Жалпы волонтерлік бағытта 274 іс-шара ұйымдастырылып, 20 000 астам жас волонтерлер қамтылды.
«Жасыл ел» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында 1500 жас уақытша жұмыспен қамтылды.
Жастардың әскери-патриоттық рухын қалыптастыру бағытында «Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысы, «Отаныма қызмет етемін!», «Отанды қорғау – қастерлі міндет!» атты 352 іс-шаралар өткізіліп, оған 34 458, жас қамтылды.
Нашақорлықтың маскүнемдіктің зияндығын насихаттау бойынша «STOP: Есірткіге жол жоқ» акциясы барысында сауда нүктелерінде, саябақтарда есірткі жарнамаларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Түнгі қаладағы жастар», «Жасөспірім», «Көше» атты тақырыптарда 23 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жастармен және тұрғындармен нашақорлыққа қарсы күрес тақырыбында өткен кездесулер туралы жергілікті телеарналарда 31 сюжет көрсетілді.
LED-экрандарда «Нетнаркотикам», «Улучшение качества жизни населения» тақырыбында 2 бейнеролик көрсетіліп, орталық көшелерде 12 дана тақырыптық баннер ілінді.
«Есірткісіз қоғам» бейнеролигі «Фейсбук, Инстаграмм» әлеуметтік желілерде жарияланды.