«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы №769 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы №769 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 141 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Шымкент қаласының әкімі                                              Ғ. Сыздықбеков

Келісілді

Шымкент қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

Қ. Құнанбаев

каз
Дата публикации
08 января 2024