2023 жылы Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы - 78 мыңнан астам ақпарат таратылды. Оның ішінде БАҚ-та - 30 мыңнан астам, әлеуметтік желілерде - 48 мыңнан астам материал.
Жалпы ақпараттық жұмыстарды жүргізу аясында бірнеше бағыттарда мақсатты жұмыстар жүргізілді. Олар:
- Мемлекет басшысының Шымкент қаласын дамыту жөніндегі берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы;
- Мемлекет Басшысының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы реформалары, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары, сондай-ақ атаулы даталар мен мемлекеттік мерекелерге қатысты;
- Аудан әкімдіктері мен құрылымдық басқармалардың негізгі қызметтері мен атқарылған жұмыстары туралы халықты ақпараттандыру;
- Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен баспасөз-брифингтерін ұйымдастыру;
- Түрлі салалардағы атқарылған негізгі жұмыстар мен өзекті мәселелерге қатысты баспасөз-турларын ұйымдастыру;
- аудан әкімдері мен басқарма басшыларының әлеуметтік желілер арқылы халықпен тікелей эфир ұйымдастыру;
Тұрғындардың өтініштері мен талап-тілектеріне ден қою мақсатында БАҚ пен әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстары жүргізіліп, 5 мыңнан астам өтініштерге талдау жасалынды. Оның ішінде – 3 296-на кері байланыс орнатылып, 1 708 өтініш бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.