Азаматтық қоғамды дамыту бойынша

Шымкент қаласында 563-тен астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның қазіргі таңда 100-ге жуығы белсенді.

Азаматтық қоғам институттарын дамыту және белсенділігін арттыру мақсатында 2021 жылдың 12 қазанда «Азаматтық қоғамды дамыту жол картасы» (Бұдан әрі-Жол картасы) жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Азаматтық ресурстық орталық» (Бұдан әрі-Орталық) ашылды. Орталық  азаматтық қоғам өкілдері жұмыс жасау үшін барлық материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

«Орталықтың» жұмысын үйлестіруші Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының бірлестігі. «Азаматтық Альянстың» құрамына қаламыздағы 58 ұйым біріктірілген.

Орталықтың мақсаты үкіметтік емес секторды қалыптастыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттық өтінімдерді толтыру, азаматтық қоғамды дамыту бойынша ақпараттық, әдістемелік және консультациялық қызметтер көрсету, ҮЕҰ-ға арналған кездесулер мен диалог алаңдарын ұйымдастыру болып табылады.

 Жыл басынан «Орталықта» үкіметтік емес ұйымдардың қала тұрғындарын қабылдау кестесі бекітіліп, кестеге сәйкес 20 жуық қоғамдық бірлестіктер өз бағыттары бойынша қала тұрғындарына 45 рет қабылдау жүргізді (Демографиялық гендерлік саясат, ЖИТС-тен балаларды қорғау, психологиялық, әлеуметтік кәсіпкерлік, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру, көші-қон мәселелері, аутизмі бар балалар мен ата-аналарын қолдау, медиация қызметі және т.б. консультациялар).

Нәтижесінде, 150-ден астам жеке және заңды тұлғаларға заң талаптарына сәйкес кеңестер берілді.

Орталықта жұмыс жасайтын мамандар есепті мерзімде                            117 ҮЕҰ-ға құқықтық көмектер көрсетті (мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттық өтінімдерді толтыру, ҮЕҰ мемлекеттік органдармен жұмысын қалыптастыру мәселелері бойынша).

Сонымен қатар, Жол картасы аясында пилоттық жоба ретінде «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік үкіметтік емес ұйым», «Үздік әлеуметтік ролик» шағын гранттары ұйымдастырылуда.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында басқарма 17 әлеуметтік жобаның жүзеге асыруда.

Олардың ішіндегі ең ауқымды жобалар бойынша тоқталсам:

«Шымкент қаласына жаңадан қосылған және шеткі аймақтардағы тұрғындарға арналған құқықтық сауаттылық, өмірлік маңызды дағдылар және спорттық сайыстар» - жобасы.

Жобаның мақсаты - қаланың шалғай орналасқан елді мекендеріндегі тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды нашақорлыққа және есірткіге қарсы насихаттау, тұрғындарды қала өмірінің құқықтық мәдениетіне, тұрмыс тіршілігне бейдімдеу.

Жоба аясында, 15 елді-мекенде құқықтық 30 кездесу өткізіліп, спорттың 5 түрі бойынша сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

Қазақстан Республикасының Рәміздерінің 30 жылдығын қала аумағында кеңінен насихаттау мақсатында «ҚР Рәміздерінің 30 жылдығы» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында «Үздік ролик», «Үздік пост», «Үздік іс-шара» номинациялары бойынша байқау ұймдастырлып, нәтижесінде жеңімпаздар марапатталды.

«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекетттік комиссияның» Шымкент қаласындағы өңірлік комиссиясының Жұмыс тобының қызметі үйлестірілуде.

Жұмыс тобы Республикалық жобалық кеңсемен бекітілген 9 бағыт бойынша қала аумағында және өңірлердегі архивтерде зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Одан бөлек, жыл басанан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», «Ерлік ұмытылмайды», «Тарихтан тағылым», «Бақытты отбасы-бақытты жан», «Бүгінгі медиа: біліктілік және қоғаммен байланыс» жобалары нәтижелі жүзеге асып келеді.

Шымкент қаласының әкімдігі өңірлік ХІ Азаматтық форумын 2023 жылдың тамыз айының 18-19 күндері өткізді.  

Республикалық Азаматтық форумды өткізу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес күн тәртібі «Жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау, волонтерлікті дамыту» тақырыбына арналды.

Форумға орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі мен Азаматтық Альянсының өкілдері, сарапшылар, үкіметтік емес сектордың, бизнес-құрылымдардың, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Жалпы қаламыздағы белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қоғамдық-мәдени, қайырымдылық шаралардан тыс қалған емес.

Өз кезегінде, қаламызда азаматтық қоғамның белсенділігі арттыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

каз
Дата публикации
08 января 2024