Үкіметтік емeс ұйымдар байланыс саласы

2023 жылға жоспар бойынша әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жалпы 17 іс-шара өткізіледі.

Негізгі ауқымды іс-шаралар: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстарын ұйымдастыру, Шымкент қаласына жаңадан қосылған және шеткі аймақтардағы тұрғындармен жұмысты үйлестіру, Тұрақты жұмыс істейтін «Қоғамдық бақылау кеңесі», Шымкент қаласының қоғамдық-саяси ахуалы мен өзекті мәселелерін анықтау, Шымкент қаласының тұрғындарын туған қалаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Таза қала» акциясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Ерлік ұмытылмайды» патриоттық жобасы және «Тәуелсіздік тұлғалары» әлеуметтік жобалары жүзеге асуда.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қаламызда үкіметтік емес секторды дамыту және қолайлы жағдай жасау мақсатында «Азаматтық қоғамды дамыту жол картасы» жобасы шеңберінде 2021 жылдан бастап «Азаматтық ресурстық орталық» жұмыс жасайды.

Азаматтық ресурстық орталықтың негізгі мақсаты азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттық өтінімдерді толтыру және басқа да тақырыптар бойынша ақпараттық, әдістемелік және консультациялық қызметтер көрсету, іс-шараларды және кездесулер мен диалог алаңдарын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

«Азаматтық ресурстық орталықтың» жұмысын үйлестіруші  «Шымкент қаласының Азаматтық альянсы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі болып табылады. Оның құрамына 58 қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар кіреді.

2023 жылдың наурыз айында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутттарының сайлауына қаламыздағы үкіметтік емес ұйымдары белсенді қатысты. Мәселен «Дауыс», «Бәйтерек» және «Алтын Орда» қоғамдық бірлестіктері барлық сайлау учаскелерінде байқау жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, жыл басынан «Азаматтық ресурстық орталықта» үкіметтік емес ұйымдардың қала тұрғындарымен кездесу кестесі бекітіліп, қоғамдық бірлестіктер өкілдері «Аналар мен балаларды қорғау», «Медиация қызметі», «Мүмкіндігі шектеулі жастардың мүдделерін қорғау және ілгерілету», «Психологиялық консультациялар», «Әлеуметтік кәсіпкер», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бағыттары бойынша қала тұрғындарына 50-ден астам жеке қабылдаулар өткізді.

Өткен жылы қаламызда мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасайтын «Үкіметтік емес ұйымдар коалициясы» құрылып, коалицияның бастамасымен 2023 жылдың 14 сәуір күні Көрме орталығында мүмкіндігі шектеулі жандардың туындыларынан «Арман алаңы» атты жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Тамыз айының 18-19 күдері «Уақыт сынақтары және өзгерістердегі жастардың рөлі. Елдік және халықаралық жастар саясаты» тақырыбында өңірлік Азаматтық Форум ұйымдастырылды.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Түркіменстан, Тажікстан, Өзбекстаннан спикерлер, республиканың басқа өңірлерінен мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Форум қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, қараша айында Астана қаласында өтетін Республикалық Форумның жұмысына ұсынылатын болады. 

Жалпы қаламыздағы белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қоғамдық-мәдени, қайырымдылық шаралардан тыс қалған емес.

каз
Дата публикации
22 ноября 2023