Ақпараттық жұмыстар бойынша мәлімет (2023 жылдың қаңтар-сәуір аралығы)

Шымкент қаласында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру жұмыстары - 8 телеарна (4 республикалық, 4 жергілікті), 1 радио (Қазақ радиосы), 15 мерзімді басылым (6 республикалық, 9 жергілікті), 29 интернет-ресурстар (6 республикалық, 23 жергілікті сайт) арқылы жүргізілуде.

Ақпараттық жұмыстардың аясында Шымкент қаласында түрлі салаларға қатысты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде - 11 500 материал жарияланды.

Ақпарат таратуда бекітілген медиа-жоспарларға сәйкес келесідей жұмыстар жүргізілді.

  1. Шымкент қаласының аумақтық дамуы туралы медиа-жоспарға сәйкес - 135 тақырып бойынша 5 мыңнан астам жарияланым шығарылды.
  2. Мемлекет басшысының Шымкент қаласын дамыту жөніндегі берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы - 16 тақырып бойынша 146 жарияланым шығарылды.

Анықтама: «Оқушылар сарайының» құрылысы, «Шалғай елді мекендердегі табиғи газ, ауыз су және электр жарығы мәселелері», «Бозарық» индустриялды аймағының құрылысы, Тұрғын үй құрылысы жөнінде, «А-2 айналма жолының» құрылысы, Кәсіпкерлікті дамыту, Жұмыспен қамту, Халық қатысатын бюджет, Жайлы мектеп, Денсаулық сақтау, Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау, Геопортал, Тариф саясаты және т.б.

  1. Түрлі салаларда атқарылған жұмыстар туралы БАҚ өкілдерімен - 12 баспасөз туры өткізіліп, 518 материал жарияланды.

Анықтама: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы, Көктемгі ауылшаруашылығы жұмыстарына мемлекеттік қолдау көрсету, Баға тұрақтылығы, Модернизация және реновациядан өтетін үйлер, Жолдар және айналма жолдар, Интернет байланысы, Білім саласындағы реформалар, Шеткі аумақтардың инфрақұрылымдармен қамтылуы, Жылу қазандықтарына жүргізілетін жөндеу жұмыстары, Көктемгі зиянкестерді дәрілеу жұмыстары.

  1. Аудандарды дамыту мәселелері бойынша әлеуметтік желілер арқылы - 21 тікелей эфир ұйымдастырылып, тұрғындардан келіп түскен 191 сұраққа жауаптар берілді.

Анықтама: Абай ауданы - 2, Әл-Фараби ауданы - 5, Еңбекші ауданы - 5, Қаратау ауданы - 4, Тұран ауданы – 5 рет тікелей эфирге шыкты.

Баспасөз-брифингін ұйымдастыру бойынша.

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысы туралы баспасөз-брифингінің жоспарына сәйкес – 157 брифинг жоспарланып, бүгінгі күні 67-сі орындалды.

Баспасөз-брифингтері тікелей эфир арқылы және 4 телеарна, 8 мерзімді басылым, 30-ға жуық жергілікті интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, барлығы 3000-нан астам материал шығарылды.

Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарының қызметі бойынша.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында ақпараттың толықтығы, өзектілігі және уақтылы берілуі мәселелері» бойынша жыл сайынғы негізде қадағалау жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында ақпараттың толықтығы, өзектілігі және уақтылы орналастырылуына мониторинг жүргізіліп, орын алған кемшіліктерді дұрыстау бойынша тиісті мекемелерге таладамалық ақпарат берілді.

Сыни материалдар мен кері байланыс орнату бойынша.

2023 жылдың басынан мамыр айына дейінгі кезеңде БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Шымкент қаласының жалпы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қатысты - 2271 сыни материалдар жарияланған.

Оның ішінде аудан әкімдіктері мен басқармаларға тікелей қатысты - 890 материал анықталған уақытысында тиісті мекемелерге жолданып, нәтижесінде 643 материал бойынша бастапқы дереккөзге тиісті мекемелердің жауаптары берілді.

Есепті кезеңдегі жағымсыз жарияланымдар мен посттардың негізгі бағыттары:

- автомобиль жолдарының сапасы, жол белгілері, көлік кептелісі мен қоғамдық көлік қызметінің нашарлығы;

- азық-түлік, бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағасының өсуі мен жауапты мемлекеттік органдар тарапынан тиісті шаралардың қабылданбауы;

- жанар-жағар май мен сұйытылған газ тапшылығы және олардың бағасының өсуі;

- табиғи газ, ауыз су және электр энергиясымен үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету, құрылыс жұмыстарынан кейін ретке келтірмеу жұмыстары;

- тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару, қала тазалығы мәселелері;

- интернет байланысының нашарлығы және т.б. мәселелер.

Кері байланыс орнату жұмыстары бойынша

Қазіргі уақытта барлық басқармалар мен аудан әкімдіктерінде БАҚ-та және әлеуметтік желілердегі салалар бойынша ақпараттар тарату мен сыни материалдарға кері байланыс орнатуға жауапты қызметкерлер бекітілген және аталған қызметкерлер тарапынан тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.

каз
Дата публикации
18 мая 2023