2023 жылға бекітілген индикаторлардың 4 айда орындалуы туралы (жылдық меженің орындалу көрсеткіші)
Есепті мерзімде қала басшылығы тарапынан бектілген кестеге сай 4 айында жоспарланған 29, қосымша 51 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары толық өткізілді. Жалпы, жыл ішінде 81 кездесу өткізу межеленген.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Биыл түсіндіру жұмыстары 3 бағыт бойынша жүргізілуде.
Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері этнос өкілдері жинақы тұратын аумақтарда 29 кездесу өткізді. Аумақтардағы көшбасшылармен тығыз байланыс орнатылды.
Білім беру ұйымдарында (ЖОО, колледж) жастармен 32 кездесу өтті.
Этномәдени бірлестіктер төрағаларының өз этностық қауымдастық мүшелерімен 19 кездесуі өтті (төрағалардың өз этнос мүшелерімен байланысы арттырылды).
Жалпы түсіндіру жұмыстарына 14 мыңға жуық азамат қамтылды. Нәтижесінде қала аумағындағы этнос өкілдері жинақы тұратын аумақтарда (нысандарда) этносаралық ахуалға кері ықпал ететін əрі қоғамда резонансты сипат беретін жағымсыз оқиғалар тіркелмеді.
Өткізілген іс-шаралар
Есепті мерзімде ҚХА қызметі бойынша 97 қоғамдық-көпшілік іс-шара өтті
«Қазақтану» бағытында
«Достық үйі» базасында «Бірлік алаңы» коворкинг орталығында ынталы 25 этнос жастарын базалық мемлекеттік тілді оқыту курсына қатысып, қазақ тілін меңгеруде. «Адамгершілік алғыс айтудан басталады», Армысың, «əз-Наурыз!», «Бір шаңырақ астында» видеочеллендждері, оқу орындарында ашықсабақтар, кездесулер, лекторийлар өтті.
Аталған жоба аясында алдағы уақытта – «Қазақ дастарханы», ұлттық ойындар сайысы, «Мың жүйрік», «Ұлт үні» сынды іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
Нәтижесінде мемлекет құраушы қазақ ұлтының маңайына этностар топтастырылып, қазақтың тiлi мен мəдениетiн, тарихын, салт-дəстүрiн жетiк меңгерген этнос өкiлдерiн ҚХА жобаларына тартып, қоғамдық келiciмдi сақтауға жұмылдырылды.
Ақпараттық қолдау
Қалалық ҚХА қызметін ақпараттық тұрғыда ілгерілетуде 291 материал жарияланды. қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясындағы жұмыстар туралы: телеарналарда – 21, басылымдарда – 80, әлеуметтік желіде – 190 материал жарыққа шықты.
Елдегі ахуал жəне Мемлекет басшысының саяси шешімдеріне қатысты ассамблея мүшелері тарапынан 24 отклик (үн қату) жарияланды.
Елді бірлікке шақыратын түрлі бағыттағы челлендждер бойынша 23 бейнематериал əлеуметтік желіге орналастырылды.
Зерделеу жұмыстары
ҚР «Тіл туралы» заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстарын жүргізу
Есепті кезеңде 9 елді мекендердегі (Бозарық, Қатын көпір, Қызылжар, Қайнарбұлақ саяжайы. Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Тұрлан, Ынтымақ, Ынтымақ 2, Ескі қала) коммерциялық нысандарда «Тіл туралы» Заң талаптарының сақталуын зерделеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жалпы 216 нысан қамтылды. Оның ішінде талапқа сай келмейтін 117-не нысанға түзету жөнінде ұсыныс берілді. Алайда, айыппұл салынбағандықтан кәсіп иелері түзетуге құлықсыз.
Есепті мерзімде этнос өкілдерінің қатысуымен 9 қылмыс (2022 жыл 4 айында 29 қылмыс) орын алды. Аталған қылмыстар этносаралық сипатта емес, жекелеген азаматтарға қатысты тұрмыстық, азаматтық сипаттағы оқиғалар.
Келеңсіз оқиғалар орын алуы ықтимал ошақтар бойынша этнос өкілдерімен алдын-ала жұмыс жүргізілді. Нəтижесінде, қала аумағында жыл басынан бері қоғамда резонанс тудыратын этносаралық шиелініс тіркелмеді.
Қоғамдық құрылымдардың қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қалалық ассамблея жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылып, жасақталды. Кеңестің ережесі, құрамы бекітілді. Кеңес мүшелері этнос өкілдері жинақы қоныстанған 9 шағынауданда кездесу өткізіп, заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және дау-дамайды медиация әлеуетімен шешу жайын айтты. Кеңесте Әл-Фараби ауданындағы этносаралық ахуал қаралды.
Есепті мерзімде Аналар кеңесі жас буынды тәрбиесіне бағытталған 15 тақырыптық іс-шара (семинар, байқау, тәрбие сағаты, психологтармен жастардың кездесуін) ұйымдастырды.
Медиаторлар кеңесі медиативтік қызметті дамытуға арналған 5 іс-шара (3 кездесу, 2 «дөңгелек үстел» мәжілісін) өткізді. Даулы 8 мәселе бойынша тұрғындарға құқықтық көмек көрсетті.
Кәсіпкерлер кеңесі құрамындағы этнос кәсіпкерлері Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге 2 млн. теңге қаржы жинап, арнайы есеп-шотқа аударды. Нәтижесінде қала тұрғындарының, соның ішінде этнос өкілдерінің атсалысуымен жалпы көлемі 130 дана күйіз үй дайындалып, Түркияға жөнелтілді. Игі істің басы-қасында қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов жүрді.
Сонымен қатар, рамазан айы қарсаңында кеңес мүшелері әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған 300 отбасыға (әрқайсысы 12 000 мың теңгелік себет) жалпы көлемі 3,6 млн. теңгенің азық-түлік себеті үлестірді.
Журналистер мен блогерлер клубының атсалысуымен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясындағы жұмыстар туралы: телеарналарда – 12, басылымдарда – 50, әлеуметтік желіде – 127 материал жарыққа шықты.
«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдері тиісті мекемелердің қызметкерлерімен бірге 32 оқу орнында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау, диструктивті діни ағымдардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау бағыттарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесулерге 5 мыңға жуық жас қамтылды.
200-ден астам коммуналдық ұйымдардың жұмысшысына қолдау көрсетіп, ыстық шай мен тәтті нан өнімдерін ұсынды.
Ғылыми-сарапшылық топ құрамындағы ғалымдар мен практик мамандар қалада қалыптасқан этносаралық ахуалды талдап, этносаралық жағдайдың даму үрдісіне болжам жасау жұмысына атсалысты.
Этносаралық ахуал
Қала тұрғындарының 31,1%-ын этнос өкілдері құрайды. Ірі этностар қатарында: өзбектер – 17,4%, орыстар – 8,1%, әзірбайжандар – 1,6%, күрділер – 0,3% болса, қалған 3,7%-ы өзге шағын этностардан қалыптасқан.
Қалалық ҚХА жанындағы 17 этномәдени бірлестік ел игілігіне бағытталған бастамаларға тұрақты жұмылдырылған.
Этнос өкілдері қаладағы 23 шағынаудан мен тұрғын алапта (өзбектер – 13, әзірбайжандар – 6, күрдтер – 4 аумақта) жинақы қоныстанған.
І тоқсанда қалыптасқан этносаралық ахуалды талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
Жергілікті тұрғындардың пікірлерін зерделеу нәтижесі көрсеткендей этностар арасындағы қарым-қатынас соңғы үш айда тыныш болды деген қорытынды жасауға болады.