Шымкент қаласында 563-тен астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның қазіргі таңда 100-ге жуығы белсенді.
Азаматтық қоғам институттарын дамыту және белсенділігін арттыру мақсатында 2021 жылдың 12 қазанда «Азаматтық қоғамды дамыту жол картасы» жобасы аясында қаламыздағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Азаматтық ресурстық орталық» ашылды.
«Азаматтық ресурстық орталықтың» жұмысын үйлестіруші Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының бірлестігі болып табылады.
Қауымдастықтың құрамына қаламыздағы 58 ұйым біріктірілген.
Азаматтық қоғам өкілдері жұмыс жасау үшін барлық материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл жобаға 2022 жылы 26,3 млн.теңге (2021 жылы 26,0 млн.теңге) қаржы қаралған болса 2023 жылға 27,8 млн.теңге жергілікті бюджеттен қаралып отыр. Жалға алынған ғимараттың (кеңсе) жалпы аумағы 290 шаршы метрді құрайды. Орталықта 10 адам жұмыс жасайды.
Орталықтың мақсаты үкіметтік емес секторды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттық өтінімдерді толтыру, азаматтық қоғамды дамыту бойынша ақпараттық, әдістемелік және консультациялық қызметтер көрсету, ҮЕҰ-ға арналған кездесулер мен диалог алаңдарын ұйымдастыру болып табылады.