ӨЗ АУЛАМЫЗДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАЙЫҚ

Шымкент қаласының барша тұрғындарын 14 қаңтар күні сағат:11.00-де жалпы қалалық сенбілікке шақырамыз.

Тұрғындар өздері өмір сүріп жатқан көпқабатты және жеке тұрғын үйлердің ауласы мен айналасын тазалауға ықпал етсе.

Сонымен қатар қаладағы кәсіпорындар мен мекемелердің, мектеп, балабақша, ауруханалардың және жекеменшік нысандардың алды мен ауласын қардан тазалап, ғимараттардың шатырындағы қар-мұзды түсірген жөн.

Ескерте кететін жайт, қала тұрғындары мен азаматтық қызметкерлер көшелердің бойын, қоғамдық орындарды қардан тазалау жұмыстарына қатыспайды. Тек әркім өз үйі мен мекемесінің алдындағы қарды тазалап, арнайы техника алып кете алатын сыртқы көшелерге шығарса болғаны. Тиісті қызметкерлер қарды артып, қала сыртына шығарып тастайды.

Балалар мен қарт кісілердің, өзімізге жақын адамдардың қауіпсіздігі мен еркін жүріп-тұруы үшін баршамыз сенбілік жұмыстарына бірге атсалысайық!

 

қаз
Дата публикации
13 января 2023