Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы:
- 17 этномәдени бірлестіктен;
- 7 қоғамдық құрылымнан тұрады.
Шымкент қалалық ҚХА-ның жұмысшы органы:
- Этносаралық қатынастарды дамыту, қалалық ҚХА хатшылығы бөлімі
(3 адам);
- «Қоғамдық келісім» КММ (4 бөлім, 42 қызметкер, оның ішінде 18 техникалық персонал).
Өткізілген қоғамдық көпшілік іс-шаралар саны: 164
Оның ішінде:
Балалар жылына орай:
- «Әлем балалар көзімен» байқауы;
- «Біз бақытты баламыз» фестивалі;
- «Мың жүйрік» республикалық онлайн байқауы.
«Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы бойынша:
- «Қазақ дастарханы» гастрофестивалі;
- «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» сән өнері байқауы;
- «Ұлт үні» шығармашыл жастар байқауы;
- «Жаңғыру – жыр арқауы» көркемсөз оқу конкурсы;
- «Қымыз – Ұлы даланың ұлы қазынасы» ұлттық сусын даярлаушылар көрмесі;
- «Этно fashion» қазақы нақыштағы костюмдер дефилесі;
- «Отбасы – шағын Отаным» отбасылық тәрбие үлгілерінің таныстырылымы.