Жастар саласы

Шымкент қаласында жастар саны (14-28 жас) 245 178 адамды құрады (2021 жылы 239 986  адам), жалпы халықтың 20,9%-ын құрайды.

Қалада 8 жоғары оқу орнында 75 мыңнан астам студент 290-ға жуық мамандық бойынша білім алуда.

Есепті кезеңдегі жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,6%-ды құрады.

Ал, республика бойынша NEET санатына жататын жастардың орташа көрсеткіші 6,5%-ды құраса, Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 6,2%-ды (13 994 жас) құрап отыр. 2021 жылмен салыстырғанда NEET санатындағы жастардың үлесі 0,4%-ға төмендеді.

қаз
Дата публикации
10 января 2023