Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жұмыстарына 8 телеарна, 1 радио, 24 газет және 44 интернет-ресурстармен жүргізілуде.
2022 жылдың басынан бастап республикалық және жергілікті БАҚ-та 44 506 мыңнан астам, әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) – 48 362 түрлі бағыттағы материал жарияланды.
Оның ішінде телеарналарда – 16 200 (республикалық – 162), мерзімді басылымдарда – 9 810 (республикалық – 158), интернет-ресурстарда – 22 050 (республикалық - 460), материалдар жарияланған.
Бұдан өзге жергілікті телеарналарда қоғамдық-саяси бағыттарға арналған 11 тақырыпта – 162 телебағдарлама, «Арнайы шығарылым» айдарымен қаламыздағы инфроструктура мен қаланың тыныс-тіршілігі туралы 546 сюжет шығарылды.
Сонымен бірге, телевизиялық бағдарламалар түсіріліп, көрсетілуде. Олар:
Аудан әкімдері мен салалық басқарма басшыларының атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын тұрғындарға хабардар ету мақсатында жыл басынан бері – 122 баспасөз брифингі және 98 баспасөз туры ұйымдастырылды.
БАҚ-та және әлеуметтік желілерде тұрғындардың түрлі салаларға қатысты жарияланған өзекті мәселелеріне жедел ден қою мақсатында қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты – 53 613 әртүрлі форматты материалдарға (позитив – 39 216, нейтрал – 11 277, негатив – 3 120) мониторинг жасалды.
Мониторинг нәтижесі бойынша – 3 120 сыни материалдың басқармалар мен аудан әкімдіктеріне қатысты 2 786 тиісті мекемелерге жедел жолданып, оның ішінде 70 пайыздан астамы дер кезінде шешімін тапты.
Журналистердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2 семинар-тренинг ұйымдастырылып, оған 100-ден астам журналистер мен блогерлер қатысып, арнайы мамандар дәрісі тыңдалды.
Қала көшелерінде – 26 814 ш.м. көрнекі үгіт-насихат құралдары (1810 баннер) орнатылды. ЛЕД экрандар арқылы – 10 бейнероликтің көрсетілімі жүргізілді (66 980 көрсетілім).