Ақпараттық саясатты жүргізу саласы

Мемлекеттік ақпараттық саясатты 8 телеарна, 1 радио, 22 газет  және 36 интернет-ресурстармен жүргізуде.

2022 жылдың алғашқы жартысында республикалық және жергілікті БАҚ-та 11  мыңнан астам материал жарияланды.

Оның ішінде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы 1 629 түрлі тақырыпта материал әзірленіп, интернет-ресурстарда 5 760, мерзімді басылымдарда 2 893 материал шығарылды (оның ішінде республикалық - 685, жергілікті – 8 653).

Телеарналарда – 2 736 сюжет көрсетіліп (оның ішінде республикалық – 96, жергілікті – 2 640), жергілікті 4 телеарнада («Оңтүстік», «Айғақ», «Отырар», «Нар-тв» телеарналары) 85 арнайы шығарылым ұйымдастырылды.

Бұдан өзге «Оңтүстік» телеарнасының «Көзқарас» ток-шоуы арқылы елдегі және қаламыздағы саяси-әлеуметтік жағдайлар туралы                     16 бағдарлама шығарылып, оған арнайы сарапшылар мен мемлекет, қоғам қайраткерлері қатысты.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) әртүрлі бағыттағы барлығы –               27 962 материал таратылды.

Ақпаратты таратуда түрлі бағыттарда жергілікті телевизиялық бағдарламалар түсіріліп, көрсетілуде. Олар: «Жаңа қоғам – Жаңа Қазақстан», «Қала уақыты», «Үшінші мегаполис», «Менің отбасымның тарихы», «Настоящая работа», «Открывай Шымкент», «Халық пен билік», «Денсаулық» және т.б.

Басқарманың жанындағы «Ақпараттық-коммуникациялар орталығы» алаңында жыл басынан бері жалпы саны 63 баспасөз брифингі ұйымдастырылып, қала әкімінің орынбасарларымен және басқарма басшыларымен – 90 баспасөз-туры ұйымдастырылды.

Қала көшелерінде ақпараттық-жарнамаларға (баннер, билборд, скролер) арналған орын саны 1 238, оның ішінде 381-і жарнамалық, 857-сі әлеуметтік-идеологиялық бағыттарды қамтиды.

Бұдан өзге 40 дана жарық-диодты LED-экрандарда түрлі бағыттардағы 70 бейнероликтер тәулігіне кемінде 120 реттік жиілікпен көрсетілуде.

 

 

қаз
Дата публикации
04 июля 2022