ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!

Құрметті қала тұрғындары мен кәсіпкерлері! Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бизнес жобаларды, идеялармен ұсыныстарды талқылауға барлық ниет білдірушілерді шақырады!

Тоқтап қалған өндірістік және басқа да үй-жайларыңыз немесе жасап жүрген кәсібіңіз болса, әлеуметтік кәсіпкерлік саласы бойынша, спорт, туризм, бос уақытты тиімді ұйымдастыратын жобаларыңыз бен идеяларыңыз болса, Шымкент ӘКК  әрқашан кездесулер мен талқылауларға ашық және өз тарапынан қолдау көрсетуге дайын!

Жаңа істердің бастамашысы болып, қаланың әлеуметтік міндеттерін шешуге бағытталған жобаларды бірге жүзеге асырайық!

қаз
Дата публикации
22 августа 2022