Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Смайлов Балтабай Оспанұлы ауданның белсенді жастарымен кездесті.
Кездесу барысында Әл-Фараби ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.
Аудан әкімінің орынбасары жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Балтабай Оспанұлы Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының ғимаратымен жастарды таныстырып, Әл-фараби ауданының құрылуын және тарихын кеңінен таныстырып өтті.
Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, қаламызды дамуына, көркейуіне жастардың ерекше қолдауы және жауакершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.