«ЕЛТАЙ» ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының əкімі Досбол Есілбек "Елтай" тұрғын алабын аралап, тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында туындаған жәйттер мекенжай басында талқыланып, әсіресе тұрғындар көтерген су мәселесінің шешу жолдары айтылды.

Атап айтсақ, 60-тан астам тұрғын үйлерге беріліп отырған судың қысымы өте аз. Оған жекеменшік есебінен тартылған құбырдың су жеткізу қуаттылығы төмендігі себеп болып отыр. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін тұрғын үйлерге арналып жаңадан орталықтандырылған ауыз су құбырын тарту "Су ресурстар-Маркетинг" ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында қарастырылуда.

Сондай-ақ, алабтағы орналасқан 4 тұрғын үйге көлік қатынайтын жол ашу қажеттігі де айтылды. Жер телімдері бұрынырақ Төлеби ауданы әкімдігі тарапынан берілген болатын. Жол түсуі тиіс жер телімі "Сарем" ӨК-нің теңгерімінде. Бұл мәселені де оңтайлы шешу үшін тиісті шаралар қабылданатын болды.

 

қаз
Дата публикации
22 августа 2022