Проект медиа-стратегия

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың "Жаңа Қазақстанды" құру туралы тапсырмасын орындау адамдарды лайықты жұмыспен және еңбегі үшін әділ төлеммен қамтамасыз етуге бағдарлануы тиіс мемлекеттік Жұмыспен қамту саясатын қайта ұйымдастыру жоспарында жедел ден қоюды талап етеді.

Қазақстан Президенті ұсынған Жұмыспен қамту саясатын жақсарту жөніндегі жеті міндет — Кадрлық даярлықты еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келтіру, сапалы жұмыс орындарын құру, жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын қамтамасыз ету, жастарды жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту саясатының инклюзивтілігін қамтамасыз ету, еңбек ұтқырлығын арттыру, гендерлік тең құқықты нығайту - елдегі соңғы айлардың ең ауқымды әлеуметтік бастамасы болып табылады.

Президент белгілеген барлық міндеттер мегаполис және Республикалық маңызы бар қала ретінде Шымкент үшін өзекті.

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес 2022 жылдың 3 тоқсанындағы жағдай бойынша Шымкент қаласында халықтың жалпы саны 1112469 адамды құрайды.

Оның ішінде жұмыспен қамтылған халық-418697 адам (жалпы халық санының 62,4%).

Шымкенттің өнеркәсіптік, мәдени, ғылыми-техникалық даму орталығына айналуы, бір жағынан, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық әлеуетті тиімді дамытуға, екінші жағынан, елді реформалаудың президенттік бағытының базалық идеологиясын ілгерілету бойынша жергілікті халықпен жаппай идеологиялық – насихаттау жұмысын жүргізуге бағытталған.

Еңбек адамының бейнесін танымал ету мәселесі бойынша Медиа-стратегия халықтың барлық топтарына бағытталған және мынадай бағыттарды қамтиды: ұйымдастыру жұмысы (ақпараттық-талдамалық және анықтамалық материалдарды, топиктерді дайындау; мамандандырылған брифингтер мен баспасөз конференцияларын ұйымдастыру және өткізу, аудан әкімдіктерімен және мүдделі құрылымдармен ұйымдастыру жұмысы, көрнекі ақпаратты орналастыру), ақпараттық-насихаттау жұмысы (жергілікті телеарналарда, баспа және электрондық БАҚ-та деректі фильмдер, бейнероликтер, телебағдарламалар әзірлеу және тарату, әлеуметтік желілерде дәлелді посттарды жариялау).

 

қаз
Дата публикации
28 июля 2022