«Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Шымкент қаласы                                                                      2022 жылғы 30 мамыр

 

Ішкі талдау жүргізу обьектісінің толық атауы:

«Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы»  мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Басқарма).

 

Ішкі талдау жүргізудің негіздері:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 2022 жылғы 7 сәуірдегі №23-Ө бұйрығы негізінде 2022 жылдың І-тоқсаны бойынша басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың бағыты:

  • Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискредициялық өкілеттік пен нормаларды анықтау;
  • Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы:

  1. Ж.Жорабеков – ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы;
  2. М.Сейтжапбаров – Ақпарат және қоғамдық даму бөлімінің басшысы;
  3. М.Төлепов – Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі;
  4. А.Балғаева – қоғамдық-саяси ахуал және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы;
  5. Т.Салин – Жастармен жұмыс жүргізу және отбасындағы құндылықтарды насихаттау бөлімінің бас маманы;

Ішкі талдауға өзге субъектілердің мамандары мен сарапшылары тартылған жоқ.

 

 

қаз
Дата публикации
23 июня 2022