1.Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», «Жарнама туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептік туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы», «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы және басқада қолданыстағы заңдылықтарды, Президент Жарлықтары мен Үкімет актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3.Бөлім - бөлім басшысы мен 2 бас маманнан тұрады.