«Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік рәміздермен жұмыс жүргізу және бақылау бөлімінің ережесі

1.Жалпы ережесі

 

1.1. Мемлекеттік рәміздермен жұмыс жүргізу және бақылау бөлімі, Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі «бөлім»).

1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Премьер –Министрінің актілерін, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасының Заңнамаларын «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жарнама туралы»  қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, басқарма бастығының бұйрықтарын және «Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

         Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

1.3. Бөлім туралы ережені ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысының ұсынысымен Басқарма басшысы бекітеді.

1.4. Бөлім – бөлім басшысы мен 3 бас маманнан тұрады

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттері

        

  • Өз құзыры шегінде қала әкімінің шешімдерін және өкімдерін,

әкімдік қаулыларын, басқарма басшысы бұйрықтарының мерзімінде орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;

  • Мемлекеттік рәміздердің маңызын түсіндіру бойынша ақпараттық

тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру, семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер» өткізу;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының сақталуына мониторинг жүргізу; 

  • Шымкент қаласы аумағында мемлекеттік мекемелерді аралап,

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздердің ұлттық стандартқа сай орналасуы мен эстетикалық нормаларына сақталуы бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді;

  • Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның бекітілген стандарттарға (өлшем

түс, орналасу биіктігі, жағдайы) сәйкес орналасуын қадағалау;

  • Ресми бланкілерде, мөрлерде, стендтерде және басқа да

материалдарда мемлекеттік рәміздердің заңға сай қолданылуын бақылау;

  • Жаңартылған талаптарды мекеме қызметінде қолдану және

қызметкерлерге түсіндіру;

  • Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін

Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою бойынша тиісті ұсыныстар әзірлейді;

  • Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шараларды

жүргізеді және бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету;

  • «Құпия іс қағаздарын», «ҚБПҮ» құжаттарын жүргізеді, оның

құпиялығын қамтамасыз етеді, рұқсат беру құжаттарының ресімделуін қадағалау;

  • Басқарманың қызметін қамтамасыз етуге қажетті материалдық

техникалық базасын нығайту шараларын ұйымдастыру;

  • Қызметкерлерді міндетті арнайы тексеруден өту құжаттарын

дайындап, уақытылы жүргізіп отыру;

  • Басқарма басшысы басшылық жасайтын жиналыстарды

ұйымдастырады, тұрақты мәжілістерін, жиналыстарын, алқа мәжілістерінің жұмыс жоспарын, құжаттарын дайындайды, хаттамасын рәсімдейді және хаттамалық тапсырмаларының орындалуын  бақылайды. Басқарма басшылары мен тиісті сала өкілдерін жиналыстарға шақыруын қамтамасыз ету;         

  • Қаржылық-шаруашылық қызметті басқару және бухгалтерлік есепті

ұйымдастыру;

  • Басқару шығындарын есепке алуды жоспарлау және жүргізу;
  • Материалдық құндылықтардың есебін жүргізуге арналған

нұсқаулыққа сәйкес кеңсе заттарымен қамтамасыз ету.

  • Ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен (КММ-сі істері

басқармасы, КММ-сі қоғамдық ұйым, КММ-сі аумақтық қорғаныс қызметі) олардың жұмысын қаржыландыру және бақылау;

  • ЖАО қызметкерлеріне қаржылық қызмет саласындағы

қолданыстағы заңнаманың нормалары туралы түсініктеме беруге;

  • Бөлімнің жұмысына қатысты мәселелер бойынша отырыстар мен

комиссияларға қатысуға;

  • Заңнамаға сәйкес барлық екінші деңгейдегі банктермен

жұмысшылардың жалақысы және басқа да ақшалай төлемдері үшін өзара әрекеттесу;

  • Мемлекеттік органдардан бөлімнің функцияларын жүзеге асыру

үшін қажетті ақпаратты сұратуға;

  • Персоналды басқару бөлімінен басқарма қызметкерлерінен

жалақыны тесептеу кестесін, сонымен қатар аванстық есепті дайындауға қызметкерлерден іссапар шығындарын уақтылы ұсынуды талап етуге;

  • Мемлекеттік органдармен және кәсіпкерлік субъектілермен

қызметтік хат алмасуды жүргізуге;

  • Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өзге де

құқықтарды жүзеге асыру.

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан

Республикасы Үкіметінің жарлықтарының және басқа да заң актілерінің, Шымкент қаласы әкімдігінің қаулыларының, Шымкент қаласы әкімінің бұйрықтары мен шешімдерінің, Басқарма басшысының нұсқаулықтарының орындалуы;

  • Әкімдік қаулыларының жобаларын, Басқарманың құзыретіне кіретін

мәселелер бойынша әкімнің шешімдері мен шешімдерінің жобаларын дайындау, тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

  • Басқармада кеңсе жұмысының жай-күйін қамтамасыз ету және

бақылау;

  • Жобаға және «Электрондық құжат айналымының бірыңғай

электрондық жүйесі» ережелеріне сәйкес жұмысты ұйымдастыру;

  • Кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеу;
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
  • Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің саясатын іске

асыру;

  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге

де функцияларды орындайды.

  • Басқарманың персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске

асыру;

  • Персоналға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктерге

қажеттілікті талдау және жоспарлау;

  • Басқарманың жеке құрамын қалыптастыру, басқарманың бос немесе

уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу.

  • Басқарманың қызметкерлерінің жұмысын бақылау және персоналды

есепке алуды жүргізу, соның ішінде «Е-Қызмет» персоналын басқару ақпараттық жүйесі арқылы.

     2.37. Бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілерінің алдын алу;

    2.38. Тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін жүргізу және қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуы;

     2.39. «Қаржы есептілігін жасау мен ұсынудың нысандары мен ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына сәйкес оларды www.e-minfin.gov.kz веб-сайты арқылы, «Салық есептілігі нысандары мен оларды жасау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрінің 2014 жылғы  25 желтоқсандағы № 587 бұйрығы. Салық және статистикалық есептерді www.stat.gov.kz, www.cabinet.salyk.kz, веб-сайттар арқылы электронды түрде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, ол мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, келісім-шарттар жасайды, www.goszakup.gov.kz веб-порталы арқылы актілерге қол қояды және веб-сайт арқылы тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар туралы ақпаратты енгізеді www.e-gov.kz «Ашық бюджеттер»;

      2.40. Облыстық мәслихат сессиясының шешімі бойынша бюджетті жаңарту кезінде бюджеттік өтінімді, жылдық есеп жоспарын және қаржыландыру жоспары мен бюджеттік өтінімдерге уақытылы түзетулерін қоса бюджеттік өтінімді дайындау;

     2.41. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына сәйкес бірыңғай есеп беру жүйесі (ECCO) арқылы түгендеу нәтижелері туралы есепті ұсыну.

 

  1. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:


     3.1. Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихаты бекіткен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

     3.2. Жергілікті атқарушы органдардың қызметі негізінде сараптамалық, талдамалық және жиынтық жұмыстарды жүргізеді, ішкі саясат саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарайды;

     3.3.Тиісті атқарушы органдармен Қазақстан Республикасының конституциялық қағидаттары мен заңнамаларын сақтау, қоғамдағы жанжал жағдайларының алдын алу, қоғамдық-саяси, үгіт-насихат топтарымен бірлесе отырып жұмыс жүргізу;

    3.4. Қалалық қоғамдық-саяси, мәдени, ақпараттық-сауық шараларына қатысу;

    3.5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

  • Бөлім басшысы болмаған кезде оның орнын бөлімнің бас маманы

алмастырады.

 

4.Бөлімнің жауапкершілігі

 

    4.1. Басқарма басшылығының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;

    4.2.Бөлімнің міндеттерін орындауға байланысты іс-шаралар жоспарларын сапалы орындау;

    4.3. Лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттерді орындау;

   4.4. Жоғары тұрған органдарға уақтылы ақпарат беру; еңбек тәртібін бұзу.

 

қаз
Дата публикации
14 марта 2022