1. Жалпы ережесі
1.1. Қоғамдық-саяси ахуал және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент Жарлықтары мен Үкімет актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Бөлім – бөлім басшысы мен 4 бас маманнан тұрады.
2.1. Ішкi саяси тұрақтылықты, ел бiрлiгiн қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2.2. Саяси партиялардың және қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметтері туралы қажетті ақпараттарды жинақтау және өңдеу;
2.3. Рұқсат етілмеген наразылық акцияларының алдын-алу және қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл;
2.4. Саяси партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметіне сәйкес тәжірибелік ұсыныстарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2.5. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Шымкент қаласы әкімінің казақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, халықтың бірлігін сақтауға, Қазақстан Республикасы Конституциясының тұрақтылығына бағытталған саяси бағытын жүзеге асыру;
2.6. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметтеріне талдау жүргізу арқылы ортақ тенденцияларды анықтау және қоғамдағы қоғамдық-саяси ахуал жағдайларын болжау
2.7. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да заң актілерін, Шымкент қаласы әкімдігінің қаулыларын, әкімнің өкімдері мен шешімдерін, Басқарма басшысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
2.8. Қоғамдық-саяси қарым-қатынастарды реттеуде биліктің барлық тармақтарымен өзара әрекет ету қағидаттарын қалыптастыру;
2.9. Шымкент қаласының аумағындағы саяси партияларға, қоғамдық-саяси ұйымдарға және олардың филиалдарының қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу;
2.10. Саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен және олардың филиалдарымен өзара әрекеттесу, Шымкент қаласының аумағында қоғамдық ұйымдармен өткізілетін іс-шараларға қатысу;
2.11. Саяси партиялардың және қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін талдау жолымен қоғамдағы қоғамдық-саяси ахуал жағдайының ортақ тенденцияларын анықтау және болжау;
2.12. Бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге рұқсат беру жөніндегі өтініштерді қарастыру, әкімдік қаулыларының жобасын әзірлеу;
2.13. Қоғамдық жерлерде (саябақтар, шағын гүлбақтар), мәдениет ескерткіштері мен монументтерге, ғимараттарға, құрылыстарға іргелес аумақтарда, сондай-ақ Шымкент қаласының көшелерінде бұқаралық-мәдени іс-шаралар өткізуге өтініштерді қарастыру;
2.14. Басқарма құзыреті шеңберінде рұқсат етілмеген наразылық акцияларының алдын-алу және болжау;
2.15. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
2.16. Әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
2.17. Шымкент қаласының аумағында әрекет ететін үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне ұдайы мониторингті жүзеге асыру;
2.18. Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау және олармен Шымкент қаласының аумағында өткізілетін іс-шараларға қатысу;
2.19. Ішкі саяси үдерістерге тұрақты мониторинг барысында алынған ақпаратты талдау;
2.20. Қоғам тіршілік әрекетінің барлық негізгі бағыттары бойынша нақты ұсыныстар жасау;
2.21. Басқарманың өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
2.22. «Қазақстан -2050» Стратегиясының орындалуы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, ішкі саясат мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты ақпараттық-сараптамалық мәліметтер, әдістемелік материалдар даярлау, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауын насихаттаушы ақпараттық-насихаттық топтардың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2.23. Шымкент қаласында тіркелген және әрекет ететін саяси партиялардың қалалық филиалдары, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер базасын жасау және толықтырып отыру;
2.24. Қала әкіміне оның саяси партиялардың қалалық филиалдарының және қоғамдық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен байланысын қамтамасыз ету.
2.25. Қаланың қоғамдық-саяси жағдайына мониторинг жүргізу;
2.26. Өз құзыры шеңберінде басқармалардан, ұйымдардан, мекемелерден және бөлімдерден керекті мәліметтерді сұрастыру;
2.27. Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, ұйымдармен бөлімнің жұмыстарына қатысты мәселелер бойынша хат алмасуды жүргізу;
2.28. Қала аумағында әрекет ететін саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасын жасауды және толықтырып отыруды қамтамасыз етеді;
2.29. Саяси партиялардың қалалық филиалдары және қоғамдық ұйымдар және де мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен конференциялар, семинарлар, кеңестер, «дөңгелек үстелдер» өткізу;
2.30. Қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың Кеңестің жұмысшы органы болып табылады.
2.31. Қаланың қоғамдық-саяси дамуының өзекті мәселелері бойынша социологиялық және политологиялық зерттеулерді ұйымдастырады және жүргізеді;
2.32. Ішкі саяси процесстердің жағдайы мен сапалы мінездемелерін, қаладағы қоғамдық пікір жағдайын, азаматтардың электоралды көңіл-күйлерін жан-жақты зерттейді және талдайды;
2.33. Қоғамдық пікірге мониторинг жүргізеді;
2.34. Қаланың қоғамдық-саяси даму мәселелері бойынша тұрақты негізде ақпарат жинауды қамтамасыз етеді;
2.35. Қаладағы қоғамдық-саяси ахуалға байланысты семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырады және өткізеді;
2.36. Ақпараттық-сараптамалық орталықтарымен өзара байланыс жасайды;
2.37. Қаланың қоғамдық-саяси даму мәселелері бойынша тұрақты негізде
ақпарат жинауды қамтамасыз етеді;
2.38. Қаланың қоғамдық-саяси мәселелері бойынша әдістемелік құралдар, брошюралар, анықтамалық және ақпараттық-сараптамалық материалдар дайындайды;
2.39. Әкімдік қаулыларының жобаларын, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімнің шешімдері мен шешімдерінің жобаларын дайындау, тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
3.Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
3.1.Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
3.2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында беліленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
3.3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
3.4. Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
3.5. Бөлім басшысы болмаған кезде оның орнын бөлімнің бас маманы алмастырады.
3.6. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын бас маман қол қояды.
4.Бөлімнің жауапкершілігі
4.1. Басқарма басшылығының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
4.2. Бөлімнің міндеттерін орындауға байланысты іс-шаралар жоспарларын сапалы орындау;
4.3. Лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттерді орындау;
4.4. Жоғары тұрған органдарға уақытылы ақпарат беру, еңбек тәртібін бұзу.